Алматыда театр дамуының өзекті мәселелері талқыланды

Алматыда театр дамуының өзекті мәселелері талқыланды Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыда театр сыншылары, өнер университеттерінің өкілдері мен мәдениет қайраткерлері Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйінде бас қосып, Қазақстандағы театр өнерінің келешегі мен түйткілдерін сөз етті. Бұл туралы Aqshamnews.kz хабарлайды.

Жиынның негізгі себепкері – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы театр өнерін қолдау туралы мәлімдемесі болды.

Театр – мәдениеттің тірегі

Кездесу модераторы, театр сыншыларының халықаралық қауымдастығы вице-президенті, өнертану кандидаты Амангелді Мұқан театр саласының бүгінгі дамуына тоқталып:

"Мемлекет басшысының театрға назар аударуы – үлкен қадам. Өнер өркендеуде, бірақ инфрақұрылым, кадр тұрақтылығы және аймақтық театрлардың қолдауға мұқтаждығы – шешілмеген мәселелердің қатарында", – деді.

Ол қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қос маңызды мәдени ошақты – Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры мен Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын мысалға келтірді. Соңғысы келесі жылы, 2026 жылы, 100 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Аймақтық театрлар – орталықтан тысқары қалған өнер

Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, театртанушы Анар Еркебай өз сөзінде өңірлік театрлардың жағдайын кеңінен талдады:

"Аймақтарда талантты жастар бар, бірақ төмен жалақы мен инфрақұрылым тапшылығы оларды Алматы мен Астанаға көшуге итермелейді. Бұл – ұлттық мәдениет үшін қауіпті үрдіс", – деді ол.

Спикер сонымен қатар Семей қаласын мысалға келтіріп, үш театрдың бір ғимаратта жұмыс істеп жатқанын, әрқайсысы бір-біріне ыңғайлануға мәжбүр екенін айтты. Мұндай жағдай Ақтөбе мен басқа қалаларда да кездеседі.

Өнерге жағдай керек

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, театр саласын қолдаудың нақты жолдарын талқылады. Сарапшылардың пікірі бір арнада тоғысты — егер театрды дамытқымыз келсе, аймақтық мәдениет ошақтарына нақты қолдау мен заманауи инфрақұрылым қажет.

"Театр – ұлт руханиятының айнасы. Оны тек шығармашылықпен емес, ұйымдастыру мен саясат деңгейінде де дамыту керек", – деп түйіндеді қатысушылар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:39

16:31

16:25

16:11

16:00

15:41

15:30

15:10

14:39

14:35

14:29

14:14

13:26

12:49

12:35

12:33

12:17

12:10

12:09

12:07

12:01

11:58

11:53

11:49

11:47