AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт...

Алматыда суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» атты жеке көрмесі ашылады

Мәдениет 16.04.2025, 11:53 731 Nursok82
Алматыда суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» атты жеке көрмесі ашылады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі

Вернисажда «Тау», «Гүлдер», «Аспан денелері» және басқа да топтамалардан құралған туындылар қойылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көрменің мазмұндық өзегін автордың «Антилабиринт» атты картиналар сериясы құрайды. «Антилабиринт» –автордың өзі ойлап тапқан, бұрын-соңды болмаған ұғым. Бұл – әрбір жол міндетті түрде мақсатқа апаратын, лабиринтке қарама-қайшы тұжырымдама.

Жазира Жанабаева – Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясының мүшесі, кәсіби суретші. Оның шығармалары Еуропа музейлерінде және әлемнің түрлі елдеріндегі жеке коллекцияларда сақтаулы. Сондай-ақ, туындылары халықаралық байқаулар мен көрмелерде қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланған.

Биыл Жазира испандық «TARTget Painting Prize 2025» белді сурет конкурсының финалисті атанды. Ал 2025 жылдың мамыр айында Лондонда өтетін Woman’s Essence Show 2025 көрмесінде St.Art Gallery галереясында топтық көрмеге қатысып, Woman’s Art Award жүлдесіне ие болмақ. Бұл көрменің кураторы – Венециандық биенналенің ұлттық павильондарының кураторы және Миланның Брера сурет академиясының профессоры Вивиана Ваннуччи.

Автор «Көркем текстиль» мамандығы бойынша академиялық білім алған. Оның сүйікті техникалары – жібекке сурет салу және қолмен тоқыма тоқу. Сонымен қатар, Жазира Жанабаева Алматыдағы ең көне бейнелеу өнері студияларының бірі – «Синяя черепаха» студиясының басшысы болып 20 жылдан астам қызмет атқарып келеді. ҚР Орталық музейінде «Синяя черепаха» арт-студиясының көптеген көрмелері үлкен табыспен ұйымдастырылып, оған 150-ден астам бала қатысты.

Суретшінің манифесті: «Мен ұлттық қолданбалы өнер дәстүрлерін сақтауды ғана емес, оларды жаңғыртуды да мақсат етемін. Менің мақсатым - гобелен, батик, киіз сияқты өнер түрлерін қазіргі заманғы арт-дискурсқа енгізу. Барлық жұмыстарыма тек экологиялық таза материалдарды – жібек пен жүнді қолданамын. Соңғы 15 жылда шығармашылық тәжірибем мандала өнерімен толықты. Дәстүрлі мандала – бұл орталықтан басталатын дөңгелек сурет, ол рухани тәжірибелерде, арт-терапияда және өнерде қолданылады. Мен бағдарламалаушы мандалалармен жұмыс істеймін. Мандала жасаудың барысында медитация, түс психологиясы, ою-өрнектердің символикасы, түстердің тілін, қазақ тайпаларының көне таңбаларын және нумерологияны қолданамын. Мандала кеңістігінде мен санадан тыс күйге қол жеткізіп, тірі шығармашылық процессіне сенім артуға мүмкіндік аламын, әлеуметтік, гендерлік немесе кәсіби шарттардан тәуелсіз боламын. Мандала – бұл шығармашылық медитация. Дөңгелек. Абсолют. Толықтық. Босату. Өзіңмен және әлеммен біртұтас болу мүмкіндігі. Мандала – бұл әлемге жіберілген хабарлама, манифест».

Автордың келесі жеке көрмесі мамыр айында Лондонда Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясының арт-фестивалі аясында өтеді.

Жазира Жанабаева 15 жылдан астам уақыттан бері мандала өнерімен айналысып келеді. Оның көрмесінде өмір философиясын, сакралды символизмді бейнелейтін, адамның рухани күйі мен жан дүниесін айқындайтын, сондай-ақ ұзақ өмір сүруге, күш-қуатты арттыруға және ұрпақтың болашағын қорғау үшін бағытталған 20-ға жуық туынды ұсынылады.

 Көрме 2025 ж. 1 мамырына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жазира Жанабаева #Көрме #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);