2030 жылға дейін еліміздің1 2 әуеайлағы PBN навигация жүйесімен қамтылады

2030 жылға дейін еліміздің1 2 әуеайлағы PBN навигация жүйесімен қамтылады Сурет: «Қазаэронавигация» баспасөз қызметі

Елдегі әуе тасымалдарының сапасын түбегейлі өзгертуге арналған сипаттамаларға (Performance-Based Navigation, PBN) негізделген навигация жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде.

PBN заманауи спутниктік технологиялар мен дәлме-дәл навигациялық стандарттарды пайдалануға негізделеді. Бұл ұшу уақытын қысқартып, отын шығынын үнемдеп, CO² шығарындыларын азайтуға болатын тікелей маршруттарды ашуға мүмкіндік береді. Осының бәрі – Қазақстанның авиация саласының тұрақты дамуы үшін жасалған әрекет, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы, Өскемен және басқа да күрделі метеорологиялық және географиялық жағдайларда орналасқан әуежайлар үшін бұл жүйе аса маңызды болмақ. Навигацияның жаңа мүмкіндіктері шалғай өңірлерде де ұшақтардың қауіпсіз әрі тиімді қонуына жағдай жасамақ.

Жаңартылған әуе қозғалысы құрылымы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, әуе кеңістігіндегі ұшу жиілігін арттырады. Бұған диспетчерлер мен жерүсті инфрақұрылымына артық күш салмай-ақ қол жеткізуге болады.

Аталған жобаны «Қазаэронавигация» Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) ұсынымдарына сәйкес, Азаматтық авиация комитетімен, ҚР Көлік министрлігімен, Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен, авиакомпаниялармен және халықаралық әріптестерімен бірлесіп атқарып жатыр.

«Қазаэронавигация»  бас директоры Нұржан Ахметовтің айтуынша, «PBN енгізу – Қазақстанның аэронавигациялық саласын цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, заманауи халықаралық талаптарға сай болуға мүмкіндік береді».

Бүгінгі таңда PBN процедуралары Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Өскемен және Үшарал әуеайлақтарының терминалдық әуе кеңістігінде енгізілген. 2025 жылы жүйені Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Үржар және Шымкент әуеайлақтарына да орнату жоспарланып отыр. 2030 жылға дейін еліміздің тағы 12 әуеайлағы қамтылатын болады.

PBN процедуралары енгiзiлген терминалдық кеңiстiк пен әуеайлақтарда навигацияның артықшылықтарын бiрiктiретiн, сипаттамалар (PBN) мен дәстүрлi навигацияға негізделген аралас модель iске асырылатын болады. Мұндай тәсіл ұлттық әуе кеңістігі мен қолданыстағы әуе кемелері паркінің ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіздікті және тиімділікті барынша күшейтуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:55

17:38

17:26

17:19

17:09

16:52

16:51

16:39

16:31

16:25

16:11

16:00

15:41

15:30

15:10

14:39

14:35

14:29

14:14

13:26

12:49

12:35

12:33

12:17

12:10