Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандық жылы» деп жариялады. Бұл шешім елдегі өндіріс секторды дамыту, еңбек нарғынындағы сұранысқа ие мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында қабылданды.
Жұмысшы мамандықтары – қоғамның іргетасын құрайтын кәсіптер. Заманауи технологиялар қаншалықты дамығанымен, еңбек адамының орны бөлек. Автоматтандырылған жүйелердің өзіне де қызмет көрсету үшін білікті мамандар қажет. Осы жүйелердің үздіксіз және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мамандар – электриктер.
Электриктер – заманауи қоғамның ажырамас бөлігі және жұмысшы мамандықтардың ең қажетті салаларының бірі. Электр энергиясы бүгінгі күні тек тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырумен шектелмейді, сонымен қатар техногиялардың, өндіріс пен қызмет көрсету салаларының негізін құрайды.Электрик мамандығы жоғары кәсіби дайындықты, технологиялық білім мен дағдыларды қажет ететін сала. Бұл мамандар қауіпті жағдайда жұмыс істеп, жоғары жауапкершілік жүктейді.
Электрик мамандарына қойылатын талаптар да аз емес. Олар тұрмыста және өнеркәсіпте қолданылатын электр жабдықтардың құрылымын, жұмысын білу. Сонымен қатар олардың сұлбаларын (схемаларын) түсіну қажет. Электр құрал – жабдықтармен жұмыс жасағанда қауісіздік ережесі бірінші орында тұрады. Апаттық жағдайда жедел әрекет ету, заманауи технологияларды меңгеру әрбір электриктерге қойылатын талаптар.
Мемлекет пен қоғам тарапынан электриктерді қолдау мен дамытуға ерекше назар аударылуда. Электрик мамандығына жастарды тарту үшін және сапалы білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік тудыру үшін коллеждерде жаңа техногиялармен оқыту дәрісханалар мен зертханалар жабдықталуда. Алматы электрмеханика колледж базасында «Электр және электромеханикалық жабдықтар» құзыреттілік орталық халықаралық бірлескен ынтымақтастық «Jancer HR academy» ЖШС-і мен неміс білім беру ұйымдарының қатысуымен ашылды.
Құзыреттілік орталық – техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жаңа деңгейге көтерілген шеберханалар. Зертханалық дәрісханалар электриктердің білімдерін іс жүзінде қолдануға, замануи құрал- жабдықтарды меңгеруге және нақты жұмыс жағдайларында тәжірибе жинауға арналған. Соның бірі «Басқару жүйелерін автоматтандыру» зертханалық дәрісхана. МТБ бюджеттен тыс қаражат есебінен АЭМК" КМҚК мен "Smart Light Group" ЖШС арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылып, "Smart Light Group" ЖШС колледж шеберханасында зертханалық дәрісхананы «Ақылды үй» замануи құралдарымен жабдықтап берді. Электрик мамандығы тек сымдарды орнатумен шектелмейді, сонымен қатар «ақылды» жүйелерді орнату бағдарламалау және басқару бойынша мамандарды даярлауға бағытталған. Зерханалық дәрісханада «Ақылды үй» жүйелерін орнату, автоматтандыру жүйелерін орнату, автоматтандыру жүйелерін бағдарламалау және басқару оқытылады.
Электриктер – жұмысшы мамандықтардың ішіндегі ең маңызды және жауапты сала өкілдері. Олардың еңбегі – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі. Электрик мамандығын қолдау, дамыту – елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына қосылған үлес. Электрик – замануи қоғамның негізін құрайтын, көрінбейтін қаһармандардың бірі.
Тоқтыманова Айнаш Нұрмұханбетқызы (педагог-зерттеуші),
Алматы электрмеханикалық колледжі
Арнайы пәндер оқытушысы