Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда алғаш рет колледж студенттері арасында...

Қазақстанда алғаш рет колледж студенттері арасында республикалық спартакиада өтуде

Білім және ғылым 16.04.2025, 16:11 685
Қазақстанда алғаш рет колледж студенттері арасында республикалық спартакиада өтуде
Сурет: Gov.kz

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен колледж студенттерінің «Еңбек кубогі – 2025» республикалық спартакиадасы басталды.

Айта кету керек, колледж студенттері арасында мұндай спорттық шара кең көлемде алғаш рет өткізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Спартакиаданың ресми ашылуына қатысқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ел экономикасының дамуының негізгі тетіктерінің біріне айналған техникалық және кәсіптік білімді трансформациялау - сапалы кадрлық әлеуетті дамыту, колледждерді бизнеспен, халықаралық білім кеңістігімен интеграциялау, жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастар үшін перспективалы келешек қалыптастыру бағыттары бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы екі жылда колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есеге артты. Студенттер колледж қабырғасында стартап жобаларға қатысып, кәсіпкерлік дағдыларын меңгеруде. Мемлекет сіздерге зор үміт артады. «Еңбек кубогі» спартакиадасы сіздердің ел ертеңінің тірегі болатын азамат ретінде қалыптасуларыңызға жол ашатын маңызды бастама болады деп сенемін. Адал еңбек пен сапалы білім ғана жарқын болашақтың кепілі болмақ», – деді министр.



Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен 2000-ға жуық студент қатысып, футзал, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және волейбол сынды бес спорт түрінен бақ сынауда.

Айта кету керек, спартакиада бес күнге жалғасады. Оның қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен студенттердің Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне білім грантын ұтып алу және еліміздің жетекші кәсіпорындарынан шақырту алу мүмкіндігі бар

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж студенттері #Спартакиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика