AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 800-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Алматыда 800-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Заң мен тəртіп 16.04.2025, 14:14 650 dulatbekova
Алматыда 800-ге жуық құқықбұзушылық анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 10 сәуірден бастап 6 мамырға дейін жалғасатын “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

 Оның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, панасыз және қараусыз қалған жасөспірімдерді анықтау, отбасылар мен жастармен профилактикалық және тәрбиелік жұмыстарды жүргізу. Іс-шараның алғашқы бес күнінде қалалық полицейлер нақты нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

— Осы кезеңде ювеналды полиция бөлімшелері 814 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген 731 жасөспірім ұсталды. Осы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 642 заңды өкіл жауапқа тартылды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 19 кәмелетке толмаған жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Сондай-ақ қосымша бақылауды қажет ететін 22 ата-ана мен 14 жасөспірім есепке алынды. Ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін барлығы 67 адам жауапқа тартылды, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Көңіл көтеру орындарына, интернет клубтарға және жасөспірімдер көп жиналатын орындарға ерекше назар аударылады. Бес күн ішінде 121 мекеме тексеріліп, 15 жағдайда кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта кіргізген ғимараттың әкімшілігі жауапкершілікке тартылды. 

— Жұмыс қаланың әр ауданында жүйелі түрде жүргізілуде. Біз білім және басқа да құрылымдардың өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Ең бастысы жазалау емес, дер кезінде араласып, келеңсіздіктердің алдын алу. Алдын алу жылы аясында бұл жұмыс одан әрі жандана түседі, - деді Серік Шумаев.

Полиция қызметкерлері, ата-аналар мен заңды өкілдерін балаларының бос уақытын тиімді өткізуге және олардың араласатын ортасына көбірек көңіл бөлуге шақырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құқықбұзушылық #Жасөспірім шарасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика