Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы электромеханика колледжінде күн энергетикас...

Алматы электромеханика колледжінде күн энергетикасын дамыту жобасы іске қосылды

Әлеумет 16.04.2025, 11:49 688
Алматы электромеханика колледжінде күн энергетикасын дамыту жобасы іске қосылды
aqshamnews.kz

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл шешім техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысы «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасына сай келетін адал еңбек арқылы жетістікке жеткен адамдарға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осы бастама аясында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандар даярлауды жақсарту, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеру және еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін күшейту бағытында нақты шаралар қолға алынбақ.

Оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің жарқын мысалдарының бірі – Алматы электромеханикалық колледжінің күн энергиясын дамытуға бағытталған жобасы. Халықаралық тағылымдама аясында колледждің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Венгрия, Словения, Австрия, Германия сияқты Еуропа елдерінде «Электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру» бағдарламасы бойынша курстардан өтті. Тағылымдаманың маңызды жобаларының бірі Венгриядағы 28 га жерді алып жатқан және 8 МВт энергия өндіретін күн электр станциясы болды.

Күн энергиясы жаһандық энергетикалық мәселелерді шешудің ең экологиялық таза және тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің күн шуақты климатының арқасында бұл саланы дамытудың болашағы зор. Жаһандық энергетикалық дағдарыстың сын-қатерлеріне жауап ретінде Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Еуропалық тәжірибеден үлгі алған Алматы электромеханика колледжінің басшылығы қазақстандық «Green Dem» компаниясымен оқу орнының аумағына күн панельдерін орнатуға келісім-шартқа отырды. «Green Dem» компаниясы - 0,55 кВт автономды, MUST 3KW 24V 230V Pro MPPT гибридті инверторы және  1,1 кВт автономды күн электр станциясы сынды 3 түрлі күн панельдерін ұсынады. Алматы электромеханика колледжіне 0,55 кВт автономды күн панелі қойылып, желіге тікелей қосылған. Алдағы уақытта бұндай күн панелін колледждің шеберхана аумағына қою жоспарланды. Шеберхана аумағы 2380 шаршы метрді құрайды. Бұл электр энергия шығынын 50% дейін үнемдейді. Негізгі электр желісінен тәуелсіз жұмыс істейтін, бұл панельдер энергия жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі. Колледжде күн панельдерін  орнату қаржылық шығындарды азайтып қана қоймайды, сонымен қатар мекеменің экологиялық жауапкершілігін арттырады.

Күн панельдерін  орнату жобасы тек техникалық жоба ғана емес, сонымен қатар маңызды білім беру бастамасы болып табылады. Колледж студенттеріне болашақ мамандықтар дайындауға көмектесетін жаңартылатын энергияның теориясы мен тәжірибесін үйренудің бірегей мүмкіндігі бар. Бұл үдерісте білім сапасын арттырып, білім алушылардың инновациялық технологияларға деген қызығушылығын арттыратын аарнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің бірлескен іс-әрекеті ерекше рөл атқарады.

Бұл жоба Қазақстанның «жасыл экономикасы» жолындағы маңызды қадам болып табылады және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, сонымен бірге жұмысшы мамандықтары мәртебесін және олардың қоғамдағы маңыздылығын арттыруға ықпал етеді.

Алматы электромеханика колледжінің арнайы 

пәндер оқытушысы Дәуіт Шынар Болатбекқызы 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күн панельдері #Алматы #білім #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика