Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас...

Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Әлеумет 16.04.2025, 15:41 779
Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады.

Кездесу барысында Yandex Qazaqstan компаниясының еліміздегі қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әсіресе, интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту, жасанды интеллект (AI) технологияларын дамыту және ұлттық мәдени мұраны цифрлық кеңістікке енгізу мәселелері ерекше назарда болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan-ның Қазақстандағы цифрлық трансформацияға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол компанияның шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтардың өмір сапасын арттыру бағытындағы бастамаларына оң көзқарас білдірді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан қазіргі кезеңде ұлттық бірегейлікті сақтау мен қазақ тілі мен мәдениетін заманауи технологиялар арқылы ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Даниил Шулейко компания платформасы арқылы жұмыспен қамту жобасының нақты нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болып отыр. Сонымен қатар, Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспарлары жөнінде баяндап, AI-Sana бағдарламасына қатысуға дайын екенін растады.

Компанияның еліміз экономикасына қосқан үлесі де айтарлықтай. 2024 жылы Yandex Qazaqstan Қазақстанға 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлесе, 2016 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 225 млрд теңгеден асты. Бұл көрсеткіштер Yandex-тің Қазақстандағы ұзақ мерзімді әрі тұрақты серіктестікке бейілді екенін айғақтайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #қабылдау #«Яндекс Global»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында өткен сенбілікке 2 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 12:19

Алматыда кәсіпорын қызметкерлері көктемгі тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып жатыр

Бүгін 12:17

Тоқаев Трампты құттықтады

Бүгін 11:06

Алматыда «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін 11:03

Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 10:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика