конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Каидзен жүйесінің Канван әдісін колледжде қолдану...

Каидзен жүйесінің Канван әдісін колледжде қолданудың тиімділігі

Әлеумет 16.04.2025, 12:09 810 Bakyt
Каидзен жүйесінің Канван әдісін колледжде  қолданудың тиімділігі
aqshamnews.kz

Каидзен жүйесі – Жапонияда кеңінен танылған, үнемі жетілдіру мен тиімділікті арттыруға бағытталған басқару философиясы. Оның ішінде Канбан әдісі -өндірістегі жұмыс процестерін оңтайландыруға, уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін құрал. Бұл әдіс өндірістік кәсіпорындарда, IT саласында және білім беру жүйесінде кеңінен қолданылады. 

 

Мен 2023 жылы Бразилия елінде тәжірибелік тағылымдамадан өтіп, әлемдік деңгейдегі өндіріс орындарында қолданылатын Каидзен жүйесінің Канбан әдісін тереңірек меңгеріп қайттым. Тағылымдама барысында жергілікті зауыттарда, кәсіпорындарда осы әдістің қалай жүзеге асырылатынын өз көзіммен көріп, тәжірибеден өттім.

 

Іс сапардан келгеннен кейін, колледж басшылығымен бірлесіп, Канбан әдісін оқу процесіне бейімдеудің жолдарын қарастырдық. Нәтижесінде, студенттер өндірістік тапсырмаларды орындау барысында визуалды басқару жүйесін қолданып, жұмыс процестерін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Бұл тәсіл білім алушыларға тапсырмаларды жүйелеп орындауға, уақытты тиімді пайдалануға және командалық жұмысты жақсартуға көмектеседі. 

 

Біздің Алматы электромеханика колледжінде Каидзен жүйесі әдістері бұрыннан да ішнара қолданылып келеді. Бұл жүйенің колледжде негізін қалауға алғаш ұсыныс білдіріп, бастама көтерген «ТОО Janser HR academy» директоры, Executive MBA, PhD докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген энергетигі Қожабаев Хайрулла Байділдәұлы болатын. Ол Каидзен жүйесі тақырыбында біздің колледжде арнайы семинар өткізіп, оқытушылар мен студенттерге үздік тәжірибелерді таныстырды. Колледж басшылығы мен Қожабаев Хайрулла Байділдәұлының қолдауымен оқытушылар арасында да Каидзен жүйесінің негізгі қағидаттарын насихаттау жалғасуда.

 

Жалпы, канбан әдісі- жобаларды басқару және өндірістік процестерді оңтайландыруға арналған жүйе. Бұл әдіс жұмыс ағынын реттеп, өнімділікті арттыруға тиімді көмектеседі. Канбан жүйесінің төрт негізгі қағидасы бар, оларды қолдану арқылы жұмыс процесін тиімді ұйымдастыруға болатынына көзім жетті.

 

Канбан жүйесінің төрт қағидасына тоқталар болсам, олар:

1.Тақтада тапсырмаларды көрсету;

2. Орындалудағы жұмысты шектеу;

3. Тапсырмалардың тұрақты қозғалуын қамтамасыз ету;

4. Жұмыс процесінің ережелерін анықтау.

 

Дәл қазіргі таңда, осы әдіспен шеберхана жұмыстарын жүйеге келтіріп,  оқу үдерісіне енгізу арқылы студенттердің тәжірибелік білімін жетілдіріп, өндірістік дағдыларын дамытуға ат салысудамын. Болашақта бұл әдістің оқу процесіне толықтай енгізіліп, колледж білім алушыларының еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін. Бұл жаңашылдықты Алматы электромеханика колледжінде ғана қолданып қоймай, қала деңгейінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына да таратып, өз тәжірибемізбен бөлістік. Осы жүйені тиімді жүргізу нәтижесінде алдағы уақытта өз саламызда үлкен жетістіктерге жететініміз  айқын.

 

                                               Бейсен Серік Берікұлы

Алматы электромеханика колледжінің

өндірістік оқыту шебері

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Кеше 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кеше 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Кеше 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);