Балалар колониясында жылжымалы көрме өтті

Балалар колониясында жылжымалы көрме өтті Сурет: автор

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемесіне, яғни кәмелетке толмаған жазасын өтеуші балалар колониясында  мегаполисте орналасқан Д.А.Қонаев музей-үйінің экскурсоводы Ардақ Әбжаппаров жылжымалы көрме ұйымдастырды. 

Көрмеде Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі, еңбек жолы, игі истері мен жетістіктері туралы қызықты мәліметтер әңгімелеп берді. 
Қазақстанның өсіп-өркендеу жолында елеулі ізі, қолтаңбасы қалған бірегей тұлға – Дінмұхамед Қонаев тұтынған заттарды, ерекше бұйымдарын қолмен ұстап, қызықтап көрген жасөспірімдер тарапынан сауалдар да аз болмады. Арман есімді тәрбиеленуші өзінің музейге барып келгендей сезімде болғанын жасырмады.

«Біздің мақсат – жазалы жасөспірімдер арасында осындай жүздесулерді жиі ұйымдастырып, оларға өмірдің мәнін түсіндіру, жақсы адамдардың, тұлғалардың жүріп өткен жолын насихаттау, дәріптеу арқылы жақсы күндерден күдер үзбеуіне дәнекер болу», – дейді №11 мекеме бастығы әділет полковнигі Алмат Сүлейменов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10