Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ-дың жас ғалымдарына 5 млн жүлде тағайындалды

ҚазҰУ-дың жас ғалымдарына 5 млн жүлде тағайындалды

Білім және ғылым 16.04.2025, 12:33 640
ҚазҰУ-дың жас ғалымдарына 5 млн жүлде тағайындалды
Сурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да IV халықаралық Фараби форумының жабылу салтанаты өтіп, жыл сайынғы ауқымды іс-шараның қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шара студенттердің үздік инновациялық жобаларының көрмесінен басталды. Онда талантты жас ғалымдардың ғылымның әртүрлі саласындағы үздік жұмыстары қойылды. Атап айтсақ: «Төтенше жағдайларға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарындағы сымсыз mesh желілері», «Электр қозғалтқыштарын басқару үшін жиілік түрлендіргішін әзірлеу және құрастыру», «Отандық өсімдік шикізатынан антиоксиданттық қасиеттері бар кремді әзірлеу», «Психоэмоционалдық жағдайды инвазивті емес түзетуге және когнитивтік функцияларды жақсартуға арналған нейтротренингтер» және басқа жобалар.

Салтанатты жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, қатысушыларды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады. Ректор Фараби форумы жас ғалымдарды ынталандыруға және жаңа стартаптарды қолдауға бағытталғанын айтып, ҚазҰУ-дың зерттеу университеті мәртебесін алғаннан бері білім мен ғылым интеграциясы бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

 «Мемлекеттік қолдаудың арқасында университет ғылымы дамып, жаңа жобаларға қаржылай гранттар бөлінуде. Жас ғалымдар ел Президентінің қамқорлығын ерекше сезінеді. Өткен жылдан бері ҚазҰУ-дың 14 жас ғалымы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілтін алып, баспанаға қол жеткізді.

2021 жылы 62 оқытушы-профессор, 8 ғылыми қызметкер, 226 магистрант, 77 докторант халықаралық ұтқырлық бағдарламасымен шетелдерде білімі мен білігін жетілдіріп қайтты. Ал 2024 жылы бұл мүмкіндікті 707 оқытушы-профессор, 106 ғылыми қызметкер, 345 магистрант, 337 докторант пайдаланды.

Былтыр қазақстандық ғалымдар Scopus дерекқорында индекстелетін журналдарда 9410 ғылыми еңбек жариялады. Оның 1589 жарияланымы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. Яғни университет ғалымдарының үлесі қазақстандық жарияланымдардың жалпы санының 16,8 пайызын құрады.

2024 жылы оқу орнының ғалымдары 402 ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырды.

2021 жылы университет ғалымдары жалпы сомасы 2 782,1 млрд теңгені құрайтын ғылыми жобаларды жеңіп алды.

2024 жылы бұл көрсеткіш 13 млрд теңгеге өсті, нәтижесінде 252,53 млн теңге көлемінде кіріс түсті.

Бір жылдың ішінде 30-ға жуық зертхана ашылып, ғалымдар игілігіне берілді», – деді ректор.

Форум аясында түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер,  студенттік бизнес-инкубаторлар, инновациялық жобалар байқауы және «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» конкурсы ұйымдастырылды.

Жас ғалым, Жасанды интеллект және BigData кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Талшын Сәрсенбаева жас ғалымдарға қолдау көрсеткені үшін  университет басшылығына алғыс білдіріп, «Фараби форумы біздің университеттің дәстүріне айналған игі іс. Форум аясында жас зерттеушілер ғылыми ізденіске және елдің игілігі мен өркендеуі үшін жұмыс істеуге ұмтылады», – деді.

Іс-шара ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлары мен ғылыми қызметкерлерін, «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпаздарын, «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жүлделі орындарының иегерлерін және үздік студенттік инновациялық жобалар байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімімен жалғасты.

Байқау жеңімпаздары сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Форумның жалпы жүлде қоры 5 млн теңгені құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ #форум #жас ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика