Бұл маңызды оқиға офтальмология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды.
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында (ҚазҒЗИ) Қазақ-Неміс глаукома орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Қазақстанның жетекші офтальмологтары және Германиядан келген профессор Карл Эрб қатысты. Іс-шараға қатысушылар соқырлық пен нашар көрудің жетекші себептерінің бірі болып табылатын сырқат – глаукоманы диагностикалау және емдеуге арналған жаңа орталықтың маңыздылығын айшықтап, дайындық пен ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
ҚазҒЗИ және Берлиндегі Қолданбалы офтальмология институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою маңызды оқиға болды, оны Wittenbergplatz көз клиникасы бөлімінің меңгерушісі, дербес Қолданбалы офтальмология институтының негізін қалаушы директоры, Charité университеттік клиникасының профессоры, профессор Карл Эрб басқарады. Бұл құжат тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және глаукоманы емдеу саласындағы жаңа технологияларды дамытуға бағытталған стратегиялық серіктестікті бекітті.
Қазақстанда глаукома диагнозы қойылған 70 мыңнан астам науқас тіркелген және олардың саны өсуде. Осы аурумен ауыратын науқастардың көру қабілетін сақтаудың негізгі факторлары ерте диагностикалау және уақытылы емдеу болып табылады.
ҚазҒЗИ денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы басталған глаукома скринингін іске асыруда шешуші рөл атқарады. Осы бағдарламаның арқасында аурудың ерте кезеңдерін анықтау екі есе өсті.
Салтанатты рәсімге орталықтың ресми ашылуын айшықтайтын дәстүрлі лента кесу кірді. Институт басшылығы, қонақтар мен серіктестер жаңа орталықтың тәжірибе алмасу, оқыту және глаукоманы емдеудің озық технологияларын енгізу алаңына айналатынына сенім білдірді.
ҚазҒЗИ Бас директоры Алдашева Нэйляның сөйлеген сөзінен:
«Бүгінгі күн біздің халықаралық байланыстарымызды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Қазақ-Неміс глаукома орталығының ашылуы – профессор Карл Эрб басқаратын Қолданбалы офтальмология институтымен стратегиялық серіктестіктің нәтижесі. Жаңа орталық бізге глаукома сияқты әлеуметтік маңызды сырқатпен күресуге көмектеседі. Біз Қазақстанда офтальмологиялық қызметті жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз».
Профессор Карл Эрб өз сөзінде мынаны атап өтті:
«Біз бұл ынтымақтастықты Қазақстандағы глаукомамен ауыратын науқастарға пайда әкелетін өзара тәжірибе алмасу ретінде көреміз. КА ҚазҒЗИ-дағы заманауи жабдықтар мен мамандардың жоғары деңгейінің арқасында жаңа орталық глаукоманы емдеу мен диагностикалауда маңызды меже болмақ. Біздің бірлескен қарым-қатынасымыз дамып, өз жемісін беретініне сенімдімін».
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нусупова Асем былай деп атап өтті:
«Алматы қаласы медицинаның дамуына баса көңіл бөледі. Жаңа глаукома орталығы –азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға қосқан елеулі үлес. Біз медициналық көмек деңгейін жаңа деңгейге көтеру үшін шетелдік әріптестермен оқыту және тәжірибе алмасу бағдарламаларын қолдауды жалғастырамыз».
Негізгі мамандардың сөйлеген сөзі ерекше назар аудартты
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы Ботабекова Турсунгуль ерте диагностикалау мен жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті: «40 жастан кейін көзді тексеруге жауапкершілікпен қарау керек. Егер біз операция уақытында жасалмаса, көру қабілетіннің жоғалуы мүмкін. Лазерлік және басқа көптеген әдістер сияқты жаңа технологияларды енгізу өте маңызды. Германиядан келген әріптестермен бірлесе отырып, біз осы бағыттағы жұмысты күшейтуді қалаймыз».
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аканова Асия өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігін арттыру үшін орталықтың ашылуының маңыздылығын атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін семинар өтті, онда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген мамандар глаукоманы диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады.
ҚазҒЗИ ғылыми, білім беру және клиникалық әлеуетінің жоғары деңгейін көрсете отырып, Қазақстандағы офтальмологияның жетекші орталығы ретіндегі беделін нығайтуды жалғастыруда.
Анықтама
Көз аурулары ҚазҒЗИ Қазақстан Республикасындағы офтальмология саласындағы жетекші ғылыми-клиникалық мекеме болып табылады және көз ауруларын емдеуді дамытуға елеулі үлес қосады. Жұмыс істеп тұрған 90 жыл ішінде институт ірі ғылыми-білім беру орталығына айналды, зерттеулердің кең ауқымын жүргізеді, жаңа технологияларды дамытады және емдеудің озық әдістерін енгізеді. Мұнда жыл сайын жүздеген мың емделуші ем алады.
ҚазҒЗИ отандық офтальмологтардың және ең жоғары деңгейдегі шетелдік мамандардың қатысуымен іс-шараларды жүйелі түрде өткізе отырып, халықаралық медициналық қоғамдастыққа белсенді интеграцияланған.
Глаукома – бұл көзішілік қысымның жоғарылауымен байланысты созылмалы ауру, ол көру жүйкесінің зақымдалуына және көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Қазақстанда глаукома диагнозы қойылған 70 мыңнан астам науқас тіркелген және олардың саны өсуде. Осы аурумен ауыратын науқастардың көру қабілетін сақтаудың негізгі факторлары ерте диагностикалау және уақытылы емдеу болып табылады.
Орталық және семинар жайлы қосымша ақпарат алу үшін сұрау салулар:
Телефон: +7 (707) 383-38-33
Байланыс тұлғасы: Думан Капасов