Алматыда өрт қауіпсіздігін оқытудың заманауи әдістері енгізілді

Алматыда өрт қауіпсіздігін оқытудың заманауи әдістері енгізілді Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігін оқытудың инновациялық тәсілдерін белсенді түрде енгізіп, профилактикалық жұмысты барлық жас топтары үшін қызықты әрі қолжетімді етіп жасауда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Балалар мен жастарға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин. 

Мысалы, ТЖД бастамасы бойынша тұрғын аудандарда өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтердің кешкі көрсетілімдері ұйымдастырылып, сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігінің бірыңғай сағаттары өткізіледі, Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде жастардың назарын аударатын тақырыптық бейнероликтер таратылады.

Сонымен қатар, 59 жекеменшік балабақшада және «Март Village» сауда орталығында өрт қауіпті ойындардың зардаптарын түсіндіретін қуыршақ спектакльдері мен мультфильм көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Оқу процесін қызықты әрі ойынға айналдыру үшін балабақшаларға өрт қауіпсіздігі тақырыбына арналған 143 пазлдар жинағы берілді.
Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін «Мейірім» оңалту орталығында арнайы сабақтар өткізілді.

Профилактикалық бейнероликтер кинотеатрларда киносеанстар алдында қосылып тұрады,  ал жылыту маусымының басынан бастап тұрғындардың ұялы телефондарына жылу жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстармен 9 СМС-хабарлама жіберілді. Әр хабарлама 3 миллионнан астам абонентті қамтыды. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖД-дан негізгі ұсыныстар:

- Балаларды өрт қауіпсіздігі мәдениетіне ерте жастан баулып, оттың қауіптілігін түсіндіру;

- Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау;

- Балаларға өрт кезіндегі тәртіп ережелерін түсіндіру;

- Үйдегі электр сымдарының жағдайын үнемі тексеріп отырыңыз, өйткені өрттердің көпшілігі электр желілерінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты.

- Зақымдалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, себебі бұл өртке әкелуі мүмкін;

- Розеткалардың жарамдылығын бақылау және көптеген құрылғыларды бір көзге қосудан аулақ болу;

- Тек сертификатталған ұзартқыш сымдар мен зауытта жасалған желілік сүзгілерді қолданыңыз;

- Төсекте темекі шегуден аулақ болыңыз:

- Жылыту қазандықтарына уақтылы қызмет көрсетіңіз, соның ішінде мұржаларды үнемі тексеріп, ыстан тазалау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:04

15:31

15:17

15:10

14:47

14:34

13:40

13:21

13:16

12:56

12:52

12:44

12:31

12:27

12:16

12:11

11:49

11:42

11:28

11:12

10:58

09:50

09:07

08:50

08:10