Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда санитарлық нормалары бұзылған кәуапханала...

Алматыда санитарлық нормалары бұзылған кәуапханалар анықталды

Барлығы 03.12.2025, 17:29 307
Алматыда санитарлық нормалары бұзылған кәуапханалар анықталды
Алматы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы биыл тұрғындардан қатты отынды пайдаланып, айналаға қою түтін тарататын кәуапханаларға қатысты бірнеше шағым түскенін хабарлады.

Шағымдардың бірі Назарбаев көшесі, 28А мекенжайындағы нысанға қатысты болды. Тұрғынның айтуынша, онда антисанитарлық жағдай орнап, мангалдан түтіннің тым көп шыққан. Жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында "Аяна" ЖК нысанында жұмыс туралы тиісті хабарлама берілмеген, қатты отын жағатын мангал қолданылған, қоқыс контейнері мен дератизация шаралары болмаған, нысан ішінде ұшатын жәндіктер анықталды дегендей бірқатар санитарлық талаптың бұзылғаны анықталды.Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерге 68 810 теңге айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда қайталама тексеріс барысында талаптардың орындалмағаны анықталып, сот нысан иесіне қосымша 393 200 теңге айыппұл тағайындады.

Сонымен қатар, Серіков көшесі, 41 мекенжайындағы "Алтын қазан" кафесіне ("Құлагер" ЖШС) қатысты да бірнеше шағым түскен. Тексеру барысында мангалдың қатты отынмен жұмыс істейтіні және тұрғын үйлермен жапсарлас салынғаны, бұл санитарлық талаптарға қайшы екені әрі тұрғындарға қолайсыздық тудыратыны анықталды. Дәмхана басшысына 314 560 теңге айыппұл салынып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда қайта тексергенде мангалдың әлі де алынбағаны анықталып, сот қосымша 275 240 теңге айыппұл тағайындады. 

Кейін осы нысан бойынша тағы бір шағым түсіп, мангалдан шыққан түтін мен күйе қайтадан тіркелді. Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар тағы расталды. "Құлагер" ЖШС-не 314 560 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, материалдар мангалды пайдалануға тыйым салу мәселесін сотта қарастыру үшін жолданды. Сот қатты отын жағатын мангалды пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мұндай құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Өйткені қатты отынмен жұмыс істейтін мангалдар шамадан тыс түтін шығарып, ауа сапасын нашарлатады және санитарлық нормаларды өрескел бұзады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кәуәпхана #санитарлық норма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ақ халатты Алмаға алғыс

Бүгін 11:27

Трамп Ақ үйде пасторлармен бірге дұға жасады

Бүгін 11:01

Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды

Бүгін 10:54

Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» көрмесі ашылды

Бүгін 10:45

TAMYR – Еуропа сахнасында

Бүгін 10:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі