AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді

Киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді

Әлеумет 04.12.2025, 10:05 482
Киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді
gov.kz

Экология министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы киіктердің саны бүгін рекордтық деңгейге жетті – 4 млн бас, сондай-ақ төлдеуден кейін 2026 жылы шамамен 5 млн басты құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды.

Осындай қарқынды өсуді ескере отырып, уәкілетті органдар Зоология институты дайындаған биологиялық негіздеме негізінде ауыл шаруашылығына зиян келтірмеу және экожүйелік тепе-теңдікті сақтау үшін жануарлар санын тұрақты басқару бойынша іс-шаралар жүргізді, – деп жазылған хабарламада.

Мәселен, осы жылы 1 шілдеден 30 қарашаға дейін 196 мыңға жуық киік тәркіленді, ұшалары отандық ет өңдеу кәсіпорындарына берілді. Жұмыстар ғылыми ұсынымдарға сәйкес қатаң түрде жүргізілді.

Дериваттарды есепке алуға және сақтауға ерекше назар аударылады. Киіктердің барлық мүйізі таңбаланып, министрлікке ведомстволық бағынысты "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК ұйымында күшейтілген күзет және мамандандырылған инфрақұрылым жағдайларында сақталады.

Дериваттарды цифрлық таңбалау және халықаралық реттеу мәселелері жеке қаралды. "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп толық қадағалауды және заңды айналымды қамтамасыз ететін киік мүйіздерін таңбалау жобасы жүзеге асырылуда, – деп жазылған ақпаратта.

Ұсынылған жүйе CITES Халықаралық конференциясында қолдау тапты және қазақстандық дериваттардың экспортына шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау үшін негіз ретінде қарастырылады.

Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болды

Бүгін 22:39

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Бүгін 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Бүгін 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Бүгін 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика