AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Парламенттік реформа: 350-ден аса ұсыныс түскен

Парламенттік реформа: 350-ден аса ұсыныс түскен

Билік 03.12.2025, 17:42 672
Парламенттік реформа: 350-ден аса ұсыныс түскен
Сурет: Жасанды интеллект

Парламенттік реформаға қатысты 350-ден аса ұсыныс түскен. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының қазан айында өткен алғашқы отырысында Мемлекет басшысы келіп түскен ұсыныстарды жан-жақты пысықтап, парламенттік жүйені жаңғырту жөнінде нақты ұсынымдар әзірлеу қажет екенін атап өткен еді. 

Отырыстан кейін алдағы парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар жинау үдерісі басталды. Жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ Amanat, Ауыл, Respublica, Ақ жол, ҚХП, ЖСДП саяси партиялары өздерінің көзқарастары мен ұсынымдарын жолдады. Сонымен қатар E-otinish және E-gov платформалары арқылы азаматтардан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен 350-ден астам ұсыныс түскен.

Кеше Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, болашақ бір палаталы Парламент моделін қалыптастыруға қатысты мәселелердің бірінші блогы қаралды. Атап айтқанда:

  1. бір палаталы Парламент құрамындағы депутаттар саны;

  2. Парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары;

  3. депутаттарды сайлау тәртібі;

  4. жаңа Парламенттің өкілеттілік мерзімі;

  5. Парламенттегі квоталар (президенттік, партиялық тізім).

Екі сағаттан астам уақытқа созылған конструктивті талқылау барысында түрлі сарапшылық ұстанымдар мен пайымды пікірлер ортаға салынды. Отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша егжей-тегжейлі саралап, жүйелеу туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, жұмыс тобының алдағы отырыстарында парламенттік жүйені жаңғыртудың басқа да бағыттары қарастырылатын болады. Реформа шеңберіндегі ұсыныстар жинақталып, бір палаталы Парламент моделін қалыптастыру бойынша кешенді қорытынды ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#парламент #Реформа #Ерлан Қарин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15

Бизнес – экологиялық өзгерістердің серіктесі

Бүгін 12:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);