AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Әлеумет 04.12.2025, 12:55 543
Алматыда жер сілкінді
Сурет: oxu.az

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылы 4 желтоқсанда, Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км қашықта, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - MPV 6.7, тереңдігі - 5 км.

Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.

Қалада дабыл іске қосылды. Сауда орталықтары мен мектептер, колледждер, ЖОО мен қоғамдық орындарда эвакуация қалыпты жағдайда өтті.

Алматы ТЖД мәліметінше,полиция департаментінің патрульдік көліктері мен өрт сөндіру бөлімдерінің арнайы техникалары қала аумағын аралап тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Гидробекет бақылаушылары және инженерлік-техникалық мамандар алгоритмге сәйкес өзен арналарын және нысандарын тексеруді жалғастырады.

ТЖМ-нің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналарының, гидротехникалық құрылымдардың, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар аймақтарды бақылауға алған. 

Сонымен қатар, тұрғындарды қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының зақымданғаны-зақымданбағанын анықтау үшін визуал тексеріс қолға алынды. Қазір бұл нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. 

Зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жер сілкінісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);