Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрына «ака...

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрына «академиялық» мәртебе берілді

Мәдени Алматы 04.12.2025, 11:49 815
Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрына «академиялық» мәртебе берілді
интернеттен

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтың шешімімен 2025 жылы 2 желтоқсанда қабылданған қаулы негізінде Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Мемлекеттік қуыршақ театрына «академиялық» мәртебе берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл мәртебе бүлдіршіндердің бойына ізгіліктің дәнегін бір ғасырға жуық уақыт бойынша егіп келе жатқан өнер ордасына ұлт мәдениетінің дамуы жолындағы зор еңбегі үшін беріліп отыр.

Кішкентай көрермендерді ертегілер әлеміне жетелейтін Мемлекеттік қуыршақ театрының негізі 1935 жылы белгілі қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың бастамасымен қаланған. 90 жылдық тарихы бар өнер ордасы бүгінгі күнде көрерменнің сұранысына сай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор әр алуан бағыттағы қызықты да көңілді, көркемдік деңгейі жоғары спектакльдер легін ұсынып келеді.

Қазақ халқының ертегілері мен аңыздарына негізделген «Ортеке», «Наурыз құпиясы», «Ұр, тоқпақ!», «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Алтын адам» сынды балаларға арналған спектакльдер ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай, балаларды патриоттық, батылдық, жасампаздық секілді ізгі қасиеттерге жетелейді. Әлем әдебиетінің үздік үлгілері қатарынан табылатын ертегілер мен шығармалар негізінде сахналанған «Қасқыр мен жеті лақ», «Қызыл телпек», «Үш торай», «Қар ханшайымы», «Түйме қыз» сынды қойылымдар бүлдіршіндерге мейірімділіктің, қамқорлықтың, адамгершіліктің маңызын үйретеді. Ал ересектерге арналған «Мен кіммін..», «Шекпен», «Шал мен теңіз», «Ана – Жер ана», «Макбет. Иллюзия», «Ромео мен Джульетта» сынды спектакльдер көрерменге жан-дүниесіне үңіліп, рухани серпіліс алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қуыршақ театры үшін соңғы жылдардағы ең ірі мәдени бастамалардың бірі – жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан Халықаралық «Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлар фестивалі. Аталған жоба Алматыны халықаралық қуыршақ өнерінің маңызды орталықтарының біріне айналдырды. Фестиваль аясында Испания, Италия, Чехия, Польша, Қытай, Үндістан, Болгария, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның таңдаулы ұжымдары бас қосып, шығармашылық тәжірибе алмасып, қуыршақ өнерінің жаңа бағыт-бағдарын бірге талқылайтын кәсіби алаң қалыптасты. Бүлдіршіндер мен ересек көрермен үшін бұл мереке нағыз рухани жаңғыру кеңістігіне айналды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қуыршақ театрының халықаралық сахнадағы белсенділігі де жыл санап артып келеді. Ұжым Франция, Канада, Болгария, Түркия сынды бірқатар елде өткен айтулы халықаралық театр фестиваліне қатысып, жүлделі орыннан көріне білді. Бұл жетістіктер қазақ қуыршақ өнерінің шетелдердегі танымалдығын арттырып қана қоймай, отандық театрдың кәсіби деңгейін жаңа биікке көтеруге ықпал етті.

Алдағы уақытта да Мемлекеттік қуыршақ театры көркемдік ізденісті тоқтатпай, тың режиссерлік шешімдермен ерекшеленетін жаңа спектакльдерді сахналауды, халықаралық жобалар аясын кеңейтуді және көрерменмен байланысты одан әрі нығайтуды мақсат етіп отыр.

90 жылға жуық үздіксіз шығармашылық ізденіс, ұлттың руханиятына адал қызмет, халықаралық деңгейдегі белсенділік және көрермен сенімі – Мемлекеттік қуыршақ театрының қазіргі таңдағы биік тұғырының айқын көрінісі. «Академиялық» мәртебе – осы жолдан таймай, өнерге деген жауапкершілік пен талғам биігін сақтап келе жатқан ұжым еңбегінің заңды жалғасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Енді депутат болмаймын": мәжілісмендер Құрылтайға өз кандидатурасын ұсына ала ма?

Бүгін 15:25

Алматыда газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша профилактика күшейтілді

Бүгін 15:09

Щучьедегі жойқын жарылыс: дәмхана иесі екі айға қамауға алынды

Бүгін 15:00

Сот қазақстандыққа ішімдік ішуге және бұрынғы әйеліне қоңырау шалуға тыйым салды

Бүгін 14:54

Әзербайжан Иранды дронмен шабуылдағаны үшін айыптап, жауап қайтаратынын айтты

Бүгін 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі