конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын көз емдеуге...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын көз емдеуге де пайдалана алмайды

Әлеумет 04.12.2025, 09:53 400 yakiya
Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын көз емдеуге де пайдалана алмайды
depositphotos.com

4 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz платформасы арқылы офтальмологиялық қызметтерді біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен төлеуге өтінім қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Банк мәліметінше, аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қабылданып, қолданыстағы тәртіпке сай қаралады.

- Офтальмологиялық қызметтер бойынша өтінім қабылдаудың тоқтатылуы Денсаулық сақтау министрлігінің біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану қағидаларына енгізген өзгерістерімен байланысты. 2025 жылғы 3 желтоқсанда жарияланған бұйрыққа сәйкес, стоматологиямен қатар офтальмология да зейнетақы қаражатын пайдалануға болатын бағыттар тізімінен алынып тасталды, деп хабарлады қаржы ұйымы.

Отбасы банкінің дерегінше, қазір «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 15 808 өтінім қаралып жатыр.

Оның ішінде 4,6 млрд теңгеге тең 5 мыңнан астам өтінім бойынша құжаттарды тексеру жүріп жатыр, ал 10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) иелерінен қосымша дәлелдейтін құжаттар сұралған.

- Стоматологиялық қызметтер бойынша өтінім қабылдау тоқтағаннан кейін офтальмологияға жүгінушілер күрт көбейді. Егер 15 қыркүйекке дейін айына орта есеппен 174 өтінім мақұлданса, шектеу енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш айына 1 264 мақұлданған өтінімге дейін өсті — өсім 7 еседен асады, деді банк.

Банк мамандары бірнеше күмәнді жағдайды анықтағандарын да атап өтті.

- Әртүрлі клиенттерден бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасалған өтінімдер түскен. Алайда құжаттарда клиниканың әр қалада әртүрлі мекенжайы көрсетілген. Тексеру барысында ол мекенжайларда мұндай клиника жоқ екені белгілі болды, деп мәлімдеді ұйым.

Сонымен қатар банк өкілдері қазақстандықтар үшін зейнетақы жинағын өмірлік маңызы бар қымбат емдерге пайдалану мүмкіндігі әлі де бар екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#офтальмология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің төрт ақылы автожолында орташа жылдамдыққа бақылау енгізіледі

Бүгін 15:43

Құрылтай-2026: Бас Прокуратурасы үндеу жасады

Бүгін 12:51

Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айға ұзартылды

Бүгін 11:08

Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап БАӘ-де жарамды болады

Бүгін 10:09

«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды

Бүгін 09:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);