Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығын...

Алматының Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында жастарға заң мен тәртіп қағидаты түсіндірілді 

Барлығы 04.12.2025, 12:15 382
Алматының Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында жастарға заң мен тәртіп қағидаты түсіндірілді 
сурет: автордан

Алматының Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында жастармен «Заң және тәртіп» атты кездесу сағаты ұйымдастырылды. Мақсат – қоғамдағы құқықтық сананы қалыптастыруға үлес қосу, азаматтардың құқығы мен міндетін жан-жақты түсіндіруге атсалысу. 

Кездесуге қаладағы Prime Legal Partners адвокаттық кеңсесінің заңгерлері Бақтияр Жорабаев пен Мәди Аукенов келді. Олар Қазақ автомобиль-жол колледжінің студенттеріне Мемлекет басшысы ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын жан-жақты түсіндірді. Ел Президенті Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстан құру жолында заң мен тәртіп басты құндылық екенін де атап көрсеткен болатын.

Заңгерлер бүгінгі ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған заманда әлеуметтік желілердегі құқықтық мәдениетті сақтау, заң нормаларына сай іс-әрекеттер жасау, қоғамдық орындардағы адамның іс-әрекеттері, әлеуметтік платформаларда бой көрсететін алаяқтардың арбауына түсіп қалмау туралы әңгімеледі.

Спикерлер жастар арасында жиі кездесетін құқықтық қателіктер, заңсыз іс-әрекеттер  орын алса жауапкершіліктен босатылмайтыны туралы да айтылды. 

"Кездесуде бүгінгі күні  жастар жеңіл жолмен ақша табу үшін есірткі тасымалдау жолына түсіп жататыны туралы нақты деректер айтылды. Статистикаға сүйенсек, 14 мыңға таяу 12-14 жас, 16-18 жас аралығындағы жасөспірім жеті жылдан жоғары жаза арқалап, колонияларға жіберілген екен. Заңгерлердің айтуынша, көбі жанындағы достарының ықпалымен, сондай-ақ өзі де заңды білмегендіктен осындай келеңсіз жағдайларға ұрынып қалып жатады. Заң өкілдері қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы дропинг, сталкинг, кибербуллинг мәселелерін де қозғады. Мұндай жағдаяттар аулада, мектепте, оқу орындарында, тіпті жұмыста да кездесіп жататын көрінеді. Алайда, заң бұзушылық факторлар болған жағдайда кез-келген адамның «мен заңды білмедім» деуі оны құқықтық жауапкершіліктен босатпайтынын білгені жөн. Заңгерлер жастарға осы мәселелерді, тәртіпке бағынғанның ештеңеден ұтылмайтынын түсіндірді", – дейді Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі Руза Жүнісқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәстүрлі музыка #заң және тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Бүгін 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика