Мемлекетті халық құрайды. Сондықтан Үкіметтің назарында бірінші кезекте сол қалың әлеуметтің жағдайы тұрады. Міне, жаңа жыл да басталды. Осы орайда халықтың жаңашылдық, әлдебір өзгеріс күтуі, жақсылықтан үміттенуі заңдылық. Біз ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Асқар Аймағамбетовпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Биыл зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қандай тың жаңалықтар, өзгерістер бар, осы жөнінде тарқата отырсаңыз.
– Түрлі әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылатын базалық көрсеткіштер «2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен бекітілді. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленді:
– айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3450 теңгені құрайды;
– ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге;
– ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге.
Осы ретте 2023 жылы жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 еселенген АЕК-тен (189 750 теңге) аспайтынын атап өткен жөн. Биылдан бастап, тиісінше, жоғарыда аталған көрсеткіштермен байланысты әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар өсті.
– Бұл өзгерістердің жасына және ұзақ жылдар еңбек еткен уақыттарына байланысты тағайындалатын зейнетақы төлемдеріне әсері қандай болмақ?
– Жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері 10,5 пайызға өсті. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыстың ұлғаюына байланысты, егер олардың орташа айлық табысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 46 еселенген АЕК есептеу кезінде шектелген болса, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шыққан зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері ұлғайтылады. Бұл ретте 55 АЕК шегіндегі кірісті негізге ала отырып есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 10,5%-ға жоғары болуы мүмкін емес. Табысы 46 АЕК-тен аспаған немесе зейнетақысы бұрынғы қолданыста болған зейнетақы заңнамасы ескеріле отырып, бұрыннан тағайындалған барлық зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 пайызға өсті.
Мәселен, ер адамға жасына байланысты зейнетақы төлемі 2022 жылдың 10 тамызынан бастап тағайындалды делік. 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі – 22 жыл. Үш жыл қатарынан үзіліссіз жұмыс істеген кездегі ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын есепке алғанда орташа айлық табысы – 350 000 теңге.
Зейнетақы заңының бұрын қолданыста болған нормаларына сәйкес, зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде 46 АЕК мөлшерінен аспайтын сомадағы орташа айлық табыс ескерілді, яғни 2022 жылғы тамызда бұл 146 280 теңгені (3180 (АЕК) х 46) құрады. 22 жыл жұмыс өтілі бар және бұл ер адам үшін толық емес жұмыс өтілі (толық 25 жыл) болғандықтан, зейнетақы мөлшері зейнетақының толық мөлшерінен жұмыс істеген жұмыс өтіліне пропорционалды түрде есептеледі. 146 280 x 60% = 87 768 тг – бұл 25 жылдық еңбек өтілі бар зейнетақының толық мөлшері;
22 жыл – бұл 264 ай; 25 жыл – бұл 300 ай. 2022 жылғы тамызда тағайындалған зейнетақы төлемдерін есептеу: 264:300 х 87 768 = 77 236 теңге.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өсудің екі нұсқасы есептелді:
– бірінші нұсқа: 77 236 х 10,5% = 85 346 теңге;
– екінші нұсқа: 264:300 х 113 850 = 100 188 теңге, мұндағы 113 850 тг – 2023 жылы зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде ең жоғары есепке алынатын табыстан зейнетақының толық мөлшері (3450 (АЕК) х 55 = 189 750 тг; 189 750 х 60% = 113 850 тг).
Бұл жағдайда біз өсудің осы нұсқасын есептей алдық. Өйткені, біздің мысалда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде берілген орташа айлық табыс 350 000 теңгені құрады. Тағы бір мысал. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін берілген орташа айлық табыс 160 000 теңгені құрайды делік.
2023 жылдың қаңтарынан бастап қайта есептеу келесідей болады: – бірінші нұсқа: 77 236 (жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің қаңтарға дейінгі қалыптасқан мөлшері) х 10,5% = 85 346 теңге;
– екінші нұсқа: 264:300 х 96 000 = 84 480 теңге, мұндағы 96 000 теңге – зейнетақының толық мөлшері (160 000 х 60%).
– Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі қалай сақталады?
– Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі төленеді, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірленген жұмыс өтіліне жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі қосылады, ол жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңділігі бойынша айқындалады. Иә, 2023 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін есептеу тәртібі біршама өзгерді. Егер бұрын 0-ден 10 жылға дейінгі еңбек өтілі болған жағдайда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) 54 пайызын құраса, онда биылғы 1 қаңтардан бастап бұл пайыз 60-қа дейін көтерілді. 10 жылдан асатын әрбір толық жыл үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері екі пайызға артады, бірақ жалпы алғанда 100 пайыздан аспайды.
Мәселен, жиынтық жалпы өтілі 25 жыл болған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшері 2023 жылғы қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің 90%-ын құрайды (бұрын қолданыста болған нормалар бойынша 84% еді). Ал 30 жыл және одан жоғары болған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы мөлшерінде есептелетін болады.
– Бала тууына байланысты тағайындалатын жәрдемақылар қаншалықты өсті?
– Бірінші, екінші және үшінші бала туған кезде 131 100 тг (38 АЕК); төртінші және одан да көп балаға 217 350 тг (63 АЕК) төленеді. Ал егер егіз (үшем және т.б.) туған жағдайда біржолғы туу жәрдемақысы әр балаға төленеді және оның мөлшері туу тәртібіне байланысты. Тағы бір жаңалық, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы қаңтардан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бала 1,5 жасқа толғанға дейін ұлғайды (бұрын бір жасқа дейін төленген) және оның мөлшері:
– бірінші балаға – 19 872 тг (5,76 АЕК);
– екінші балаға – 23 495 тг (6,81);
– үшінші балаға – 27 083 тг (7,85);
– төртінші және одан да көп балаға – 30 705 тг (8,9)
Жұмыс істейтін аналарға бала күтіміне байланысты үйінде отырып табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем де мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жылға дейін ұзартылады және оның мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды.
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы ЕТКД мөлшерінен 1,4 көлемінде төленеді. 2023 жылғы қаңтардан бастап осы жәрдемақының мөлшері 56 794 теңгені құрайды. I топтағы бала кезінен (яғни 18 жастан асқан) мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақылар 2023 жылғы қаңтардан бастап 56 794 теңгені (ЕТКД-нен 1,4) құрайды.
– Әрине, көп балалы отбасылар да назардан тыс қалмаған болар, оларға көрсетілетін жәрдемақылар туралы да айта отырсаңыз?
– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 22 080 теңгені (6,4 АЕК) құрады. Өзімен бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2023 жылғы қаңтардан бастап тағайындалған жәрдемақы мөлшері:
– төрт балаға – 55 304 тг (16,03 АЕК);
– бес балаға – 69 138 тг (20,04);
– алты балаға – 82 973 тг (24,05);
– жеті балаға – 96 807 тг (28,06);
– сегізінші және одан да көп балаға – әр балаға 13 800 теңгеден – 4 АЕК.
– Мүмкіндігі шектеулі жандарға тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақылар туралы не айтар едіңіз?
– Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар оларды алушылардың әртүрлі санаттары бөлінісінде мынадай мөл шерде төленеді:
жалпы ауруы бойынша, жұмыс кезінде мертігуіне немесе кәсібіне байланысты мүгедектігі бар адамдарға, бала шағынан мүгедектерге:
– I топтағы мүгедек адамдарға – 77 889 тг (1,92 КД);
– II топтағы жандарға – 62 068тг (1,53);
– III топтағы адамдарға – 42 190 тг (1,04); – 0-ден 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 56 794 тг (1,4);
– І топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 77 889 тг (1,92);
– ІІ топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 64 502 тг (1,59);
– ІІІ топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 56 794 тг (1,4);
– I топтағы бала кезінен мүгедек адамдарға – 77 889 тг (1,92);
– II топтағы бала кезінен мүгедек адамдарға – 64 502 тг (1,59);
– III топтағы бала кезінен мүгедек адамдарға – 48 681 тг (1,2).
Әскери қызметін өтеу кезінде алған жарақаты, контузиясы, мертігуі, ауруы салдарынан мүгедек болып қалған мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек адамдарға; азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі апаттардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі апаттық жағдайлардың салдарынан мүгедек болған адамдарға; төтенше экологиялық жағдайлардың салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезіндегі радиациялық әсердің және/немесе себеп-салдарлық байланыс белгіленген жағдайда олардың салдарынан мүгедек болып қалған адамдар:
– I топтағы мүгедек адамдарға – 113 994 тг (2,81 КД);
– II топқа – 97 361 тг (2,4); – III топқа – 81 540 тг (2,01). Әскери қызметін өтеу кезінде алған жарақаты, контузия, мертігу, ауруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер (мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) қатарындағы мүгедек жандарға;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедек болып қалған ішкі істер органдарының және ҚР-ның бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлеріне:
– I топтағы мүгедек адамдарға – 139 551 тг (3,44 ПМ);
– II топқа – 107 503 тг (2,65); – III топқа – 81 540 тг (2,01).
– Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алады. Асыраушысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік жәрдемақылар көлемі қандай болды?
– Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төмендегідей:
– еңбекке жарамсыз 1 адам болған жағдайда – 34 888 тг (0,86 ЕТКД);
– 2 адам болған жағдайда – 60 445 тг (отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,49 ЕТКД);
– 3-еу – 75 049 тг (отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,85);
– 4-еу – 79 512 тг (отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96);
– 5-еу – 82 352 тг (отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,03);
– 6 және одан да көп еңбекке жарамсыз мүшелері үшін әрбір жәрдемақы мөлшері 2,11 ЕТКД-не (85 597 теңгеден бастап) тең үлесі ретінде есептеледі;
– ата-анасының екеуінен де айырылған тұл жетім балаларға бір айлық жәрдемақы – 47 870 тг (1,18 ЕТКД) мөлшерінде (әр балаға, отбасының басқа еңбекке жарамсыз мүшелеріне – 21 907 тг (0,54 ЕТКД) мөлшерінде, бірақ 2,56 ЕТКД-нен аспайтын (103 852 тг) мөлшерде тағайындалады.
– №1 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы – 32 499 тг (9,42 АЕК);
№2 тізім бойынша – 28 911 тг (8,38 АЕК). Қайтыс болғанда жерлеуіне төленетін біржолғы төлем:
– Зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға – 54 165 тг (15,7 АЕК);
– ҰОС ардагері болған зейнетақы алушыға – 126 270 теңге (36,6 АЕК).
Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар:
– Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 55 200 теңге (16 АЕК);
– «Ардагерлер туралы» заңның 5-бабының 1–5-тармақшаларында көрсетілген, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге – 21 356 теңге (6,19 АЕК);
– «Ардагерлер туралы» заңның 5-бабының 6–8-тармақшаларында көрсетілген, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге – 16 560 теңге (4,8 АЕК);
– жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 21 356 тг (6,19 АЕК);
– жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 26 048 тг (7,55 АЕК);
– екінші қайтара некеге тұрмаған ҰОС-да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлеріне – 15 456 теңге (4,48 АЕК);
Ауғанстандағы немесе басқа да мемлекеттердегі әскери қимылдар кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігуі, ауруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына;
бейбіт кезеңде әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;
бейбіт кезеңде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; радиациялық ауру салдарынан қайтыс болған немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-на апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерімен байланысты азаматтардың отбасыларына – 15 836 тг (4,59 АЕК);
– қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, жерасты жұмысшыларының, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғынына» белгісімен наградталған, жалпы сырқаттану, жұмыс кезінде мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы себептерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдеріне (күйеулеріне) қайта некеге тұрмаған жағдайда – 8 832 тг (2,56 АЕК);
– Кеңес Одағының батырларына, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға – 478 274 тг (138,63 АЕК);
– Социалистік Еңбек Еріне, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болғандар – 478 274 тг (138,63 АЕК);
– «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға – 478 274 тг (138,63 АЕК);
– Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға – 7349 тг (2,13 АЕК);
– 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюшыларға, ҚР-дағы иеліктен шығару және қоныс аудару аймақтарынан эвакуацияланған (өз бетінше кеткен), эвакуациялау кезінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда – 16 560 тг (4,8 АЕК);
– I және II топтағы мүгедек адамдарға (жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы мөлшері мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшерінен жоғары зейнеткерлер үшін) – 5141 тг (1,49 АЕК);
– III топтағы мүгедек адамдарға (жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы мөлшері мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшерінен жоғары зейнеткерлер үшін) – 2208 тг (0,64 АЕК);
– саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдарға – 3692 теңге (1,07 АЕК);
– Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 3692 теңге (1,07 АЕК).
– I топтағы мүгедек жанға күтімі үшін жәрдемақы – 56 794 тг (1,4 ЕТКД). Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5 пайызға артады.
Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 8,5 пайызға артады.
Бүгінде Алматы қаласы бойынша осы айтылған зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді алатын тұлғалар саны 594 мыңға жуық. Жаңа жыл басталғанға дейін барлық зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің өскен мөлшері ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде толығымен есептеліп қойған. Сондықтан тұрғындардан қандай да бір құжаттар талап етілмейді.
Жаңа мөлшердегі зейнетақылар мен жәрдемақылар оларды алушылардың екінші деңгейлі банктердегі шоттарына бекітілген кесте бойынша 2023 жылғы қаңтардың алғашқы жұмыс күндерінен бастап аударылатын болады.
Біздің басты мақсатымыз – бұл әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтарымыздың әл-ауқаты.
"Аlmaty-akshamу", №2 (6295) 7 қаңтар, 2023 жыл