ffin.kz

ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ

ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ vecher.kz

Қауіпсіздіктің құқықтық негізін қалыптастырудың маңызды алаңы


28-29 наурызда Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қатысуымен Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы болып өтті. Аталмыш халықаралық ұйымның 30 жылдығына арналған алқалы жиында осы құрылымға кіретін елдердің парламент жетекшілері бас қосты.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысына қатысушыларға Үндеу жолдады. Мемлекет басшысы өз Үндеуінде Қазақстанның ТМД Парламентаралық Ассамблеясының көпжақты қызметін толық қолдайтынын мәлімдеді.


ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА МҮДДЕЛІМІЗ


Қасым-Жомарт Кемелұлы ұзақ жылдар бойы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі ретінде оның жұмысы мен шараларына белсенді қатысып, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқан болатын.


Президент парламентаралық диалог экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ықпал ететініне, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлермен күресу және қауіпсіздікті нығайту үшін құқықтық негіз қалыптастыруға үлкен үлес қосатынына маңыз берді


«Бірлескен заң шығару жұмысы жаһандық күн тәртібі шеңберінде орнықты дамудың, декарбонизацияның және цифрландырудың маңызды жаңа міндеттерін іске асырудың теңгерімді тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Ассамблеяның көпжақты қызметін толық қолдайды. Сондай-ақ, ТМД Төрағасы және Парламентаралық Ассамблеяның негізін қалаушылардың бірі ретінде осы бірегей әрі пайдалы институтты жан-жақты нығайтуға қолдау көрсетуге ниетті», – делінген Қазақстан Президенті Үндеуінде.


Салтанатты отырысқа ТМД ПАА Кеңесінің төрағасы, РФ Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко бастаған ТМД ПАА қатысушы елдердің парламенттік делегацияларының басшылары қатысты. Ассамблеяның отыз жыл бойы бірге жүріп өткен жолы оңай болған жоқ, бірақ нәтижелі болғаны сөзсіз. Көп нәрсеге қол жеткізілді, бұл туралы көп айтылды және айтыла жатар. Бұған дейін осы құрылымға мүше елдердің көшбасшыларында, Достастық мемлекеттердің бәрінде посткеңестік кезеңдегі достық пен ынтымақтастық байланыстарын сақтауға және арамыздағы кез келген сыналарды алып тастауға және жоюға әрқашан даналық пен саяси ерікжігер болды.


БАСТЫ БАҒДАР – БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ БЕЙБІТ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


Үстіміздегі жылдың басындағы қаңтар оқиғасы көптеген салаларда белсендірек реформалар жүргізу қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты еліміз Жаңа Қазақстанды әлеуметтік, әділ және демократиялық мемлекет ретінде құрудың бағытын белгіледі. Алдағы конституциялық реформаның негізгі нәтижелерінің бірі, әрине, Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуы және еліміздің саяси жүйесіндегі Парламенттің рөлінің артуы болмақ.


Өкінішке қарай, ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысы әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында өтуде. Қазіргі күрделі кезеңде барлық қиындықтарды Ассамблеяға мүше елдер бірге еңсеруге ұмтылуы керек. Бүгінгі таңда біздің ұстанымдарымызды үйлестіру бұрынғыдан да маңызды, бұл бізге бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікірлестер ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Жаңа өзара тиімді мүмкіндіктер ашылып жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін жан-жақты пайдалануға болады. Алдағы жылдары да қатарлас өмір сүретін азаматтарымыздың жаңа ұрпақтары арасындағы қарым-қатынас пен дос тықты сақтап, нығайтуға жағдай жасау өте маңызды. Біздің кез келген қиындықтарға төтеп беруіміз осы бағыттағы іс-әрекетіміздегі табыстарға, ең бастысы, халықтарымыздың мүддесіне сай дамуымызға байланысты.


Біздің еліміз қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі және халықаралық мәселелерді халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешудің баламаларының жоқтығы ұстанымын ұстанады. Осыған байланысты біз келіссөздер үдерісін ілгерілетуге бағытталған кез келген күш-жігерді қолдаймыз. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, саммитін өткізген мемлекет ретінде барлық елдер үшін еуразиялық қауіпсіздіктің қағидатын берік ұстанады.


Парламентарийлер өз тарапынан ортақ мекеніміз – Еуразиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бар күш-жігерлерін салуы керек. Қазіргі кездегі ең басты мәселе – елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы, бейбітшілікті сақтау, саяси тұрақтылықты, барлық елдердің бейбіт дамуын қамтамасыз ету.


Сабырхан СМАҒҰЛОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04