Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жылауық

Жылауық

Медицина 27.09.2024, 14:28 1,442
Жылауық
aqshamnews.kz

40 мың адамның ішінде 1 рет кездесетін патология

Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасына Түркістан облысынан «Пресакральды жылауық» (тік ішек маңындағы ісік) диагнозы қойылған 21 жастағы науқас келді. № 7 қалалық клиникалық аурухананың колопроктология бөлімінің меңгерушісі Марат Қаленбаевтың айтуынша, жылауықтың ерекшелігі оның өте үлкен көлемінде болды – шамамен 18-ден 16 см-ге дейінгі дөңгелек пішінде, кіші жамбас аумағында орналасқан. Жылауықтың өсуі байқалмағандықтан, ол табиғи жолмен ішті босатуға кедергі келтірген, ал жас қыз тік ішек маңындағы тұрақты қолайсыздықтан зардап шегіп келген.

Кіші жамбас жылауығы – бұл сирек кездесетін патология, ол діңшек пен тік ішек арасында орналасқан аномальды қуыс немесе қалта. Мұндай жағдай 40 мың адамның ішінде 1 рет кездеседі. Әдетте, жылауықтар МРТ немесе кіші жамбас ағзаларының УДЗ кезінде 2 см шамасында анықталады, ал бұл жағдайда көлемі айтарлықтай үлкен болды», – деді тәжірибелі хирург-колопроктолог Марат Қаленбаев.

Хирургтар жылауықты алып тастау үшін күрделі операция жасады. Құйымшақ байламын алып тастаумен жүргізілген операция сәтті аяқталды. Бір ғана операция арқылы жылауықты толықтай алып тастап, науқасты емдеуге мүмкіндік туды. Бұл операцияны жоғары білікті хирург-проктологтар, анестезиолог-реаниматологтар және тәжірибелі операциялық мейірбикелердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігінің арқасында сәтті өткізілді. Операцияның техникалық күрделілігіне және тік ішек айналасындағы май қабатының іріңдеуге бейімділігіне қарамастан, асқынулардың алдын алынды. Айта кету керек, бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалды.

Қазіргі уақытта пациент ауруханадан шығуға дайындалуда. Дәрігерлер халықты медициналық көмекке уақтылы жүгінуге шақырады, себебі хирургиялық емдеу болмаған жағдайда, параректальды талшықтың іріңдеуі, тік ішек жыланкөзі, зәр шығару және дефекация функцияларының бұзылуы сияқты қауіпті асқынулар пайда болуы мүмкін. Аурудың ұзақ уақыт емделмеуі невралгия, неврит және анемия сияқты аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #дефекация #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика