AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 108%-ға орынд...

Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 108%-ға орындалып, 7,2 трлн теңгені құрады

Әлеумет 17.12.2024, 16:03 1,114 Nursok82
Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 108%-ға орындалып, 7,2 трлн теңгені құрады
Сурет: Gov.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында 2024 жылдың 11 айындағы қаржы жылының қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңгені құрады, бұл жоспардың 90%-ын құрайды. Республикалық қазынаға 11,8 трлн теңге немесе жоспарланған қаржының 82%-ы түсті. Вице-министрдің айтуынша, орындалмаудың негізгі себебі жоспардың 76%-ын құрайтын салық түсімдерінің төмендеуіне байланысты.

«Жоспарды орындамаудың негізгі себептері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде үшінші елдерден импорт көлемінің 6,4%-ға немесе $2,3 млрд-қа азаюына; негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуіне байланысты, бұл өз кезегінде 602 ірі салық төлеушілер бойынша аванстық төлемдер сомасының 267 млрд теңгеге төмендеуіне әсер етті. ҚҚС қайтарудың ұлғаюы 981 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Соған қарамастан салықтар бойынша орындамау салықтық емес төлемдердің 1 трлн теңгеге ұлғаюы есібенен өтеледі», — деп атап өтті Ержан Біржанов.

Жергілікті бюджеттерге келетін болсақ, олардың өз кірістері 108%-ға орындалды және 7,2 трлн теңгені құрады. Жоспар 525 млрд теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 26,5%-ға немесе 1,5 трлн теңгеге өсті. Бюджет шығыстары бойынша: мемлекеттік бюджет жоспарланғаннан 94%-ға, республикалық – 96%-ға, жергілікті – 92%-ға орындалды. Әлеуметтік бағыт басым болып қалады.

Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерді орындады: 

зейнетақы мен жәрдемақы – 5,2 трлн теңге; 

өңірлерге субвенциялар – 4,8 трлн теңге; 

ММСҚ-ныңң нысаналы жарнасы – 1,6 трлн теңге. 

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 13 трлн теңгені құрады:

әлеуметтік салаға – 6,6 трлн теңге (51%); 

ТКШ-ға – 1,9 трлн теңге (14,6%); 

көлік және коммуникация – 1,2 трлн теңге (9,3%); 

 ауыл шаруашылығы – 750 млрд теңге (5,7%).

Бюджетті орындаудың маңызды компоненттерінің бірі – мемлекеттік сатып алу үдерісі. Олардың көлемі 2024 жылы 8,8 трлн теңгені құрады, бұл ретте бюджет қаражатын оңтайландыру есебінен 840 млрд теңге үнемделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #қорытынды #табыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Кеше 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Кеше 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Кеше 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Кеше 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Кеше 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);