Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Домбыра тартуға бола ма?

Домбыра тартуға бола ма?

Мәдениет 17.11.2024, 11:29 1,059
Домбыра тартуға бола ма?
Элеонора Якия

Жалпы музыка – ғалымдардың арасында ең тартысты мәселелердің бірі.

Өйткені музыканы ашық харам деп келген хабарлар сахих емес, ал ол жайында келген сахих хадистерде ашық харам деп айтылмаған.

Хадистерде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дуффпен айтылған әндерді тыңдағаны, Хассан (р.а.) Алла Елшісін дәріптеп, қорғаған уақытында оны құптағаны т.б. дінді насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыратын әндерге рұқсат екендігіне дәлел болады. Сондай-ақ бұған бірқатар сахабалар, табиғиндер және бірнеше ғалымдар рұқсат берген.

Имам Әбду әл-Ғани ән-Нәбулуси әл-Ханафи: «Музыкалық аспаптар – оның көрінісі, одан шығатын дыбыс себепті харам емес. Өйткені құстардың сайрағаны да әуен. Ғалымдар құстың әуені харам еместігіне бірауыздан келіскен. Егер ол бекершілік, харам нәрселермен араласса сол уақытта тыйым салынады», – деген.

Демек дінді насихаттайтын, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыратын әндер мен музыкаға рұқсат. Егер музыка пасықтыққа, бұзғыншылыққа, жаманшылыққа, азғындыққа, т.с.с. шариғатымызда тыйым салынған істерге алып барса тыйым салынады.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Сондықтан домбыраны тартуға болады.

(ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #ҚМДБ #Музыка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Бүгін 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Бүгін 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика