AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Теміртауда жыл сайын ауаға 300 мың тоннадан аса зи...

Теміртауда жыл сайын ауаға 300 мың тоннадан аса зиян зат тарайды

Мұны білген жөн 20.10.2025, 12:09 624 Сұлу
Теміртауда жыл сайын ауаға 300 мың тоннадан аса зиян зат тарайды
depositphotos.com

Теміртауда жыл сайын ауаға 300 мың тоннадан аса зиян зат тарайды. Оның негізгі бөлігі Қарағанды металлургия комбинатына тиесілі. Бұл туралы Климаттың өзгеруі мен жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған жобалық кеңсе мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Теміртау - Қазақстандағы ең лас қалалардың бірі. Халқы 200 мың адамға жетпесе де, ауаға тарайтын өндірістік қалдықтардың мөлшері өте жоғары.

"Теміртау қаласы - Қазақстандағы ауа сапасын ең көп ластайтын елді мекендердің бірі. Соңғы он жыл ішінде қалада атмосфераның "жоғары" деңгейде ластануы тұрақты түрде байқалып келеді. Жыл сайын Теміртау атмосферасына шамамен 305 мың тонна өнеркәсіптік шығарынды тарайды, олардың негізгі бөлігі қала құраушы кәсіпорын - Қарағанды металлургия комбинатына тиесілі", - делінген хабарламада.

Салыстыру үшін айтар болсақ, мәселен халқы 2,3 миллионнан асатын Алматыда ауаға 232 мың тонна өнеркәсіптік қалдық тарайды.

Жобалық кеңсенің ақпаратынша, Теміртаудағы өнеркәсіптік шығарындылардың 80%-дан астамы "Qarmet" АҚ-ға тиесілі. Зауыттан ауаға шығатын негізгі зиянды заттар мыналар: азот пен күкірт диоксидтері, фенол, аммиак, көміртек тотығы, күкіртсутек.

Қазгидромет мәліметінше, Теміртауда 2015 жылдан бері ауа сапасы "жоғары деңгейде ластанған" деп бағаланып келеді. 2023 жылы зиянды заттар шекті нормадан 5 879 рет, 2024 жылы 1 414 рет асып кеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміртау #QARMET #ауа сапасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика