AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Қайрат" жанкүйерлеріне матчтен кейін қосымша авто...

"Қайрат" жанкүйерлеріне матчтен кейін қосымша автобустар ұйымдастырылады

Барлығы 20.10.2025, 17:44 556 Сұлу
"Қайрат" жанкүйерлеріне матчтен кейін қосымша автобустар ұйымдастырылады
Алматы әкімдігі

21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында "Қайрат" және "Пафос" (Кипр) футбол клубтарының матчі өтеді.

Матч күні стадион маңындағы көлік қозғалысы айтарлықтай шектеледі. Тұрғындар мен жанкүйерлерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Матч уақытында Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қоғамдық көлікті пайдалануға және еріктілер мен полиция қызметкерлерінің нұсқаулығына құлақ асуға кеңес беріледі.

Жанкүйерлер үшін ойын аяқталғаннан кейін 6 бағыт бойынша 60 қосымша автобус қатынайды:

  • Орталық стадион – "Алматы Арена" (тақтайша A1, жөнелту — Абай даңғылы, батыс бағыт);
  • Орталық стадион – Райымбек / Алатау (тақтайша A2, жөнелту — Абай даңғылы, батыс бағыт);
  • Орталық стадион – Алматы-1 теміржол вокзалы (тақтайша A3, жөнелту — Байтұрсынов көшесі, солтүстік бағыт);
  • Орталық стадион – "Орбита" шағынауданы (тақтайша A4, жөнелту — Байтұрсынов көшесі, оңтүстік бағыт);
  • Орталық стадион – "Жұлдыз" шағынауданы (тақтайша A5, жөнелту — Абай даңғылы, шығыс бағыт);
  • Орталық стадион – әуежай (тақтайша A6, жөнелту — Абай даңғылы, шығыс бағыт).

Жанкүйерлерге матч басталмас бұрын стадионға ертерек келіп, билетте көрсетілген кіреберістер арқылы кіру және қоғамдық тәртіпті сақтау ұсынылады. Бұл шаралар кезектердің алдын алып, барша көрермен үшін жайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді. 

Алматы қаласының Спорт басқармасы жанкүйерлерді сабыр сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және сүйікті команданы мәдениетті түрде қолдауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика