Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық құтқарушылар туристік маусым қорытындысы...

Алматылық құтқарушылар туристік маусым қорытындысын шығарып, таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды

Барлығы 20.10.2025, 14:11 410
Алматылық құтқарушылар туристік маусым қорытындысын шығарып, таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды
ӨКҚ

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының өкілдері қатысқан брифинг өтті. Құтқарушылар биылғы маусымдағы ең жиі кездесетін оқиғалар, таулы бағыттардағы жұмыс және демалушылардың қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы айтты.

ТЖМ РЖҚЖ мәліметінше, жыл басынан бері 478 жедел шығу жүзеге асқан. Оның 167-сі таулы және жетуі қиын аумақтардағы іздестіру-құтқару жұмыстары. Барлығы 156 адам құтқарылған, оның 26-сы – балалар. Одан бөлек 25 адамға, соның ішінде екі балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда құтқарушылар тауда және су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.

ТЖМ РЖҚЖ таулы бөлімшесінің бас құтқарушысы Вадим Пактың айтуынша, тәжірибесі аз туристер дайындықсыз жолға шығу, бағытты туыстарына хабарламау, навигациялық және байланыс құралдарының болмауы сияқты жиі бірқатар қателіктерді жібереді.

"Таудағы жазатайым жағдайлардың негізгі себептері, біріншіден, адамның өз күшін дұрыс бағаламауы және дайындық деңгейіне сай келмейтін бағытты таңдауы. Соның салдарынан турист уақытында орала алмайды немесе бағыттың ерекшеліктерін білмей, апатты жағдайға тап болады. Тағы бір қателік – қажетті жабдықтың болмауы. Тауға шығарда міндетті түрде рюкзак, қосалқы батареясы бар шам, байланысқа шығуға арналған пауэрбанк және жылы киім болуы керек, себебі тауда қазір салқын әрі қараңғы тез түседі", - деді Вадим Пак.

Құтқарушылардың айтуынша, әр турист одан бөлек дәрі қобдишасын, жеткілікті су және азық қорын да алып жүруі тиіс.

Алматы маңындағы тауларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылар адамдар көп жүретін бағыттарда кезекшілік атқарып, түсіндіру жұмыстарын және рейдтер өткізеді.

Сүңгуір-құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Бейсенғали Дүйсебаевтың айтуынша, су тасқыны, көшкін, ауа температурасының күрт өзгеруі сияқты ауа райы жағдайларына байланысты қауіп-қатерлердің алдын алуға баса назар аударылады.

"Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алдын ала арнайы хабарламалар жолдайды. Қауіпті учаскелер анықталған жағдайда қар көшкінінен жасанды қорғау және өзен аңғарларында селден қорғау жұмыстары жүргізіледі. Белгіленген аумақтарда бақылау-өткізу бекеттері қойылып, тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылады. Құтқару іс-шараларына волонтерлер де тартылады", - деп атап өтті маман.

Таудағы басқа да қауіптер туралы айта отырып, құтқарушылар жабайы аңдармен кездесу ықтималдығының артып келе жатқанын атап өтті. Аю немесе жабайы мысық секілді жануарлармен тікелей байланыс сирек болса да, соңғы жылдары мұндай жағдайлардың қаупі көбейген.

"Қазір адамдардың жабдықталуы жақсарған: арнайы аяқ киім, рюкзак арқасында олар алысқа, тереңірек тауға бара алады. Сол себепті жабайы жануарлармен кездесу мүмкіндігі де артады. Мұндай жағдайда ең бастысы үрейленбей, сабыр сақтау. Мысалы, аюмен кездестіңіз делік, ондай жағдайда артқа қашуға болмайды, орныңызда тұрып, жайлап кейін шегіну қажет. Жанында қонжығы болған жағдайда аю қауіп сезінеді, екеуінің ортасында қалып қойсаңыз, аю шабуылдауы мүмкін", - деп түсіндірді Вадим Пак.

Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына демалысты қауіпсіз өткізу үшін қарапайым ережелерді есте сақтауға шақырады:
-    маршрут пен оралу уақытын жақындарына хабарлау;
-    тауға жалғыз немесе қолайсыз ауа-райында шықпау;
-    өзімен бірге жылы киім, дәрі қобдишасы мен байланыс құралдарын алу;
-    белгіленген соқпақтардан шықпау;
-    төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне қоңырау шалу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Құтқарушы #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі