Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай Шөмішбай...

Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай Шөмішбай Сариев атындағы республикалық турнир өтті

Мәдениет 15.11.2024, 20:42 1,428
Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай Шөмішбай Сариев атындағы республикалық турнир өтті
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай билярдтан республикалық турнирдің ашылуы өтті. Шараны Алматы қаласы әкімдігі мен Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бұл турнир Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, сондай-ақ "Франс Кафка" атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Шөмішбай Сариевтің құрметіне арналды.

Турнирді ҚР Еңбек Ері Асанәлі Әшімұлы ашып берді. Онан соң, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып бастаған жазушылар мен қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Қонақтардың қатарында Асанәлі Әшімов, Бейбіт Оралұлы, Естай Әлекеев, Сүлеймен Ибрагимов, Қадырғали Көбентаев сынды танымал тұлғалар болды.

Бауыржан Жақып өз сөзінде:
– Шөмішбай ағамыздың шығармашылығы мен өмірі біз үшін үлкен мектеп. Ол тек ақын емес, мәдениетке, спортқа жаны жақын, кең жүректі адам еді. Оның өлеңдері мен әндері әлі күнге дейін халықтың жүрегінен орын тапқан. Бұл турнир ағамыздың рухына деген құрметтің белгісі, – деп атап өтті.

Іс-шара барысында Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкеев Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің арнайы құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариевтің жары арнайы медальмен марапатталды. Шараның өтуіне Атыраудан келген Ерлан Табылдиев пен Сабыржан Ибрагимов секілді азаматтар демеушілік көрсетті.

Турнирге 32 қатысушы бақ сынасты. Бәсеке қызықты әрі тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл турнир – ақын, қоғам қайраткері Шөмішбай Сариевтің рухына деген құрмет қана емес, сондай-ақ шығармашылық пен спортты ұштастырған ерекше шара болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турнир #Билиярд #Шөмішбай Сариев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика