Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевич...

Алматыда "Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевич зерттеулерінде" атты танымдық дәріс-концерт өтті

Барлығы 20.10.2025, 12:23 484
Алматыда "Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевич зерттеулерінде" атты танымдық дәріс-концерт өтті
"Ауыл партиясы"

         "Ауыл" партиясы Орталық аппараты мен Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында "Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевич зерттеулерінде" атты танымдық дәріс-концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық музыка мұрасын дәріптеу, ұлт руханиятының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін жастарға кеңінен таныстыру және музыкалық өнер арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру болды.

       Шараға мәдениет пен өнер саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, профессор-оқытушылар құрамы және партия мүшелері қатысты. Кеш барысында "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Қабыкенұлы Сейтжанов құттықтау сөз сөйлеп, Александр Затаевичтің еңбектерінің қазақ мәдениеті үшін маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде Затаевичтің қазақ халқының бай музыкалық мұрасын жинақтап, әлемге танытуда ерекше еңбек сіңіргенін атап өтті. Сондай-ақ, партияның мәдени бағыттағы бастамалары мен ұлттық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.

       Варшава университетінің докторанты, қазақ-поляк байланыстарын зерттеуші, музыка зерттеушісі Каринбаев Жандос Әуелбекұлы Александр Затаевичтің қазақ халқының фольклорын зерттеу барысында жинаған материалдары, олардың тарихи, этнографиялық және музыкалық құндылығы жайында дәріс жүргізді. Сонымен қатар, Затаевич еңбектерінің Польша мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін де ерекше атап өтті.

       Кеш барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері халық күйлерін орындап, дәстүрлі әндер шырқады. Тыңдармандар қазақ музыкасының байлығы мен тереңдігін тағы бір мәрте сезінді. Концерт барысында Дәулеткерей, Тәттімбет, Құрманғазы сияқты ұлы күйшілердің шығармалары орындалып, ұлттық өнердің мәңгілік құндылық екені айқындалды.

       Іс-шара соңында қатысушылар ұлттық мәдениетті дәріптеу мен тарихи тұлғалардың еңбегін ұлықтау бағытындағы осындай танымдық жобалардың маңыздылығын атап өтті. "Ауыл" партиясы өкілдері алдағы уақытта да мәдениет пен руханият саласындағы бастамаларды қолдап, елдің мәдени дамуына серпін беретін шараларды тұрақты түрде өткізуді жалғастыратындарын жеткізді.

       "Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевич зерттеулерінде" атты дәріс-концерт қазақ мәдениетінің бай мұрасын насихаттауға, жастардың ұлттық сана-сезімін арттыруға және халық музыкасына деген құрметті күшейтуге бағытталған тағылымды әрі әсерлі шара болды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #консерватория #Затаевич
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Бүгін 11:35

Тағы 1,8 мыңға жуық адам Таяу Шығыстан Қазақстанға оралды

Бүгін 11:02

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі