Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тұрғын үй кешені салынбайды: Түрксіб ауданында №20...

Тұрғын үй кешені салынбайды: Түрксіб ауданында №20 мектепті кеңейтуге қатысты тараған қауесетке нүкте қойылды

Барлығы 20.10.2025, 18:57 433
Тұрғын үй кешені салынбайды: Түрксіб ауданында №20 мектепті кеңейтуге қатысты тараған қауесетке нүкте қойылды
Алматы әкімдігі

Алматының Түрксіб ауданында №20 орта мектепті кеңейту жоспарланып отыр. Жобаның мақсаты – оқушылар үшін заманауи әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру. Бастама әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған. Бағдарламаның басты міндеті – тұрғындар санының өсуіне сай балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету. Бұл жөнінде қалалық білім басқармасы хабарлады.

Бүгінде мектеп ғимараты шамадан тыс жүктелген: оқушылар саны жобалық қуаттылықтан екі есеге артық, балалардың бір бөлігі екінші ауысымда оқуға мәжбүр. Сонымен қатар, мектеп ғимараты сейсмологиялық және заманауи білім беру стандарттарына толық сай келмейді.

Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Тәжібаев жаңа нысанның барлық заманауи талапқа сай болатынын атап өтті:

«Жаңа мектеп бір ауысымда жұмыс істейді, оқу бағдарламасы кеңейтіледі, ал инфрақұрылым заман талабына сай болады. Біздің мақсат – балаларға жарық, кең әрі қауіпсіз сыныптар дайындау. Бұл Алматы қаласының мәртебесіне сай білім кеңістігін қалыптастырады», – деді ол.

Алматының жер қатынастары басқармасының өкілдері жер телімдерін мемлекет қажетіне алу тәртібін түсіндірді. Кей тұрғындар учаске тұрғын үй кешенін салуға беріледі деген алаңдаушылық білдірген. Алайда бұл қауесет ресми түрде жоққа шығарылды:

«Мемлекет қажетіне алынған жерлер тек мақсатына сай пайдаланылады және үшінші тұлғаларға немесе коммерциялық мақсатта берілуі мүмкін емес. Бұл жағдайда тек оқу нысанын салу туралы сөз болып отыр», – деп нақтылады басқарма өкілдері.

№20 мектептің директоры Гүлнәр Сәрсенбаева да кеңейтудің маңыздылығын атап өтті:

«Мектеп ұзақ жыл бойы шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп келеді. Кеңейту жобасы оқу кабинеттерінің тапшылығын жойып, балаларға заман талабына сай білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов тұрғындардың барлық өтініші мен ескертпесі назарға алынғанын, әрі талқылаулар ашық форматта жалғасатынын айтты:

«Бұл әлеуметтік бағыттағы жоба. Біздің міндетіміз үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың заңды құқығын сақтау және білім саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік міндеттерді орындау», – деді депутат.

№20 мектептің кеңейтілуі Алматы қаласындағы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың кешенді бағдарламасының бір бөлігі болмақ. Қала билігі білім саласын стратегиялық даму бағыты және адами капиталды нығайтудың негізгі тірегі ретінде қарастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #қауесет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі