Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ашық аспан астындағы ғылым: Алматыдағы Бас Ботаник...

Ашық аспан астындағы ғылым: Алматыдағы Бас Ботаникалық бақ экологиялық білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамытып келеді

Барлығы 20.10.2025, 15:58 453
Ашық аспан астындағы ғылым: Алматыдағы Бас Ботаникалық бақ экологиялық білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамытып келеді
ӨКҚ

Алматыдағы Бас Ботаникалық бақ бүгінде тек ерекше қорғалатын табиғи аймақ қана емес, ғылым, табиғат, өнер мен қоғамды біріктірген маңызды орталыққа айналды. Мұнда ондаған экологиялық, ғылыми, мәдени және білім беру жобалары жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конфенциясында хабарланды. 

Кейінгі жылдары бақтың танымалдылығы артып келеді. Ботаникалық бақтың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Баян Коспенбетованың айтуынша, Ботаникалық бақ – ойын-сауық алаңы емес, сонымен қатар, ғылыми және табиғатты қорғау орны.

"Біздің іс-шараларға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Егер 2021 жылы баққа шамамен 300 мың адам келсе, былтыр бұл көрсеткіш 600 мыңға жеткен еді. Енді бізге жай серуендеп қана қоймай, табиғатқа құрметпен қарайтын, өсімдіктерді ерекше бағалайтын адамдар келсе дейміз", – дейді ол.

Бақ аумағында  экологиялық және білім беру бағдарламалары тұрақты түрде өтеді. Олардың қатарында: "Білу - сүю үшін" бағдарламасы, экскурсиялар, балалар мен отбасыларға арналған шеберлік сабақтары бар. Сонымен қатар Tabiğat Labs жобасы, түрлі ашық дәрістер, "Жасыл рейнджерлер клубы" мен BookКультура мәдени клубының кездесулері ұйымдастырылады. Мәдени іс-шаралардың ішінде InEco Fest фестивалі, Сиверс алмасының гүлдеу мерекесі, сондай-ақ Жамбыл атындағы филармония әртістерінің қатысуымен өтетін ашық аспан астындағы концерттер ерекше орын алады. Әлеуметтік бағыттағы жобалар да жалғасуда - мектеп-интернат оқушылары мен "МамаПро" жобасының қатысушыларына экскурсиялар мен тегін шеберлік сабақтары өткізіледі. Қазан айының соңына дейін зейнеткерлер жұмыс күндері баққа тегін кіре алады.

Бақ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруында. Институтта 11 ғылыми зертхана жұмыс істейді және оның қарамағында Қазақстандағы төрт ботаникалық бақ бар. Олар:  Алматыдағы Бас бақ, Іле, Жезқазған және Астана бақтары.

Институт ғалымдары өсімдіктер әлемін зерттеп, сирек кездесетін түрлерді қорғаумен айналысады. Зерттеу жұмыстары тек бақ аумағында ғана емес, елдің барлық өңірінде жүргізіледі.

"Біз зерттеуде геоақпараттық жүйелер мен дрондарды қолданамыз. Олар арқылы тау мен шоқылардағы өсімдіктердің жай-күйін бақылаймыз. Дрон көмегімен өсімдіктердің таралу аймақтарын түсіріп, сирек кездесетін түрлер өсетін орындарға GPS белгілерін орнатамыз. Осы деректердің негізінде ерекше қорғауды қажет ететін аймақтарды анықтаймыз", – дейді геоботаника зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Қапар Үсен.

Ботаникалық бақта еріктілер қозғалысы да қарқынды дамып келеді. Әр сенбі сайын сағат 10:00-де батыс кіреберісте жиналатын "Жасыл рейнджерлер клубына" кез келген адам тегін қатыса алады.

"Біз еріктілермен тығыз жұмыс істейміз. Келушілерге биологтар мен экологтар дәріс оқиды, ал эко-волонтерлер өз идеяларымен бөліседі. Олар өсімдіктерді күтуге көмектесіп, түрлі жобаларға қатысады. Сонымен қатар біздегі "Жасыл патруль" тобы бақтағы тәртіпті сақтауға жәрдемдеседі", -  дейді маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі.

Бас ботаникалық баққа келген әр адам ғылым мен табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады. Себебі билеттерден түскен барлық қаражат ғылыми зерттеулер мен табиғатты сақтау жобаларына жұмсалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ғылым #ботаникалық бақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі