AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Болашақтың энергетикасы

Болашақтың энергетикасы

АЭС: Референдум 08.10.2024, 19:05 962
Болашақтың энергетикасы
Сурет: Самат Құсайынов

«Алатау» ықшамауданында орналасқан Ядролық физика ғылыми-зерттеу институтында жалпыхалықтық референдум қорытындысы талқыланды.

Ғылыми-зерттеу институтының білікті мамандарымен бас қосқан Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, «Байтақ»  партиясы мен «Аманат» партиясы Медеу аудандық филиалының жетекші өкілдері жалпыхалықтық референдум қорытындысына көңілі толатынын білдіре келе, бір ай бойы өздерімен бірге еліміздің аймақтарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытқан институт мамандарына алғысын айтты.

«Атом энергетикасының қауіпсіздігі – әлбетте, энергетикалық қауіпсіздік. Сол арқылы еліміз энергетикалық тәуелсіздікке ұмтылып отыр. Кешегі өткен референдумға қатысты сауалдар да негізінен осы төңіректе, яки АЭС-тің қауіпсіздігі мен оны кімдердің салатыны, бұл нысандарда кімдердің  жұмыс істейтіні жөнінде өрбігені рас», – деді өз сөзінде жиынға қатысқан Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Аманат» фракциясының мүшесі Жандос Нәдіров.

Басқосуда қатысқан мамандар экологиялық және экономикалық аспектілерді  саралады. Сондай-ақ, жетекші мамандар тілші қауымға еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АЭС салудың рөлін кеңінен түсіндірді. Геосаясаттағы өз позициямызды жоғалтпау жолында «өркен жаюымыздың күретамыры» саналар энергетика саласын дамытуымыз аса қажеттігін нақты айтты. Соңғы екі жылда  ел-жұртымыз саяси сауаттылығын танытты. Соның нәтижесі референдум қорытындысынан байқалады.

«Жалпы,  бұл саяси науқан – халық үніне құлақ асатын үкіметтік  позицияның жарқын көрінісі. Демек, халқымыз болашақта дамуымызға ықпал ететін стратегияға дауыс берді деп ойлаймын. Алыс-жақын шетелден келген сарапшылардың да бұл саяси науқанға биік баға беруінің бір мәнісі осында.  Бұл белсенділік еліміздің демократиялық жағынан да өсуін де  көрсетеді. Қоғамдық дамудың, соның ішінде цифрлық дамудың маңызды бөлігі – энергетика десек,  бұл атомдық реакторлар толықтай сандық форматта, автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Осы кезге дейін еліміздің аумақтарында жұмыс істейтін үш оқу-жаттығу атом реакторы бар. Бірі – Алматыда, екеуі – Курчатов қаласында. Біз жұмыс барысында тығыз байланыстамыз. Мамандар жағы жеткілікті, әлі де ынталы түлектерді негізгі мамандықтарға еліміздің  үш өңіріндегі жоғары оқу орындары даярлауда, – дейді Ядролық  физика институты бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Евгений Ермаков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #қортынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика