AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Егін жинау кезеңінде алма әкелуге тыйым салынды

Егін жинау кезеңінде алма әкелуге тыйым салынды

Экономика 08.10.2024, 19:44 1,215
Егін жинау кезеңінде алма әкелуге тыйым салынды
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда бау-бақша шаруашылығын, отандық алма өндірісін дамыту үшін субсидиялар, жеңілдікті кредит беру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қабылдануда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда алма бойынша қамтамасыз ету 62,9%-дан (2019 ж.) 80% -ға (2023 ж.) дейін өсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, фермерлер импорттық өндірушілер тарапынан демпингке ұшырауда, жоғары бәсекелесттік импорттық өнім отандық өндірушілердің рентабельділігін төмендетеді.

Егін жинау кезінде алма импорты қатар болғанда қазақстандық бағбандар өнімді өткізуде қиындықтарға тап болады, бұл олардың қаржылық жағдайын нашарлатады.

2024 жылдың 7 айында шамамен 107, 3 мың тонна алма импортталды (2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 58% -ға өсті). Негізгі импорт Польша, Иран, Өзбекстан, ҚХР-дан жүзеге асырылады. Бұл ретте импорттың өсуі Қытайдан импорттың 18 есе және Ираннан 7 есе импорттық өсуімен байланысты.

Осыған байланысты, отандық алма өндірісін қолдау және отандық өнімді өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін автомобиль көлігімен үшінші елдерден алма (СЭҚТН коды: 080810) әкелуге тыйым салуды енгізуді мақұлдады.

Алма әкелуге тыйым салу тек егін жинау кезеңінде ғана енгізілген, бұл отандық бағбандарға жиналған өнімді  сақтауға және оны қолайлы бағамен сатуға мүмкіндік береді. Маусымаралық кезеңде алма импорты шектелмейді.

Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы халықаралық алма транзитіне әсер етпейді.

Бұйрық 2024 жылғы 8 қазанда күшіне енді.

Бұйрықпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/201409/kaz.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #алма #сырттан әкелу #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Кеше 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Кеше 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Кеше 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Кеше 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Кеше 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);