"Балаларым шетелге барғысы келмейді" - депутат Азат Перуашев

  • 16:10, 25 маусым 2025
"Балаларым шетелге барғысы келмейді" - депутат Азат Перуашев Аkzhol.kz

Бүгін Мәжілістің үшінші сессиясының қорытынды отырысы өтті. Каникулға шыққан Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Аqshamnews.kz тілшісіне қайда демалуды жоспарлап отырғанын айтты. 

"Балаларыммен сөйлестім, шетелеге ешкім барғысы келмейді. Шығысқа апарайын деп отырмын. Міндетті түрде біздің отбасы Алакөлге, Қапшағайға барады. Шүкір еліміз бай, жері кең, көрсететін жер көп", - деді ол. 

Сондай-ақ, депутат осы сессияда атқарған жұмысына баға берді. 

"Өз басым фракцияға, өз жұмысыма баға бере алмаймын. Бізге сайлаушылар баға берсін. Үшінші сессияны қорытындыласақ, меніңше, ең үлкен, жауапты, күрделі қабылданған заң жобалары ішінде бұл - Салық кодексі. Біздің фракция оны қолдаған жоқ. Үкімет бұл заң жобасы бойынша күмәнді шешім қабылдады. Бұл шағын бизнесті жабуға немесе көлеңкелі бизнес арқылы жұмыс істеуге әкелді. Менің ойымша, бұл сұраққа қайтып келеміз", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:53

18:39

17:50

17:36

17:32

17:22

17:14

17:07

17:02

17:00

16:55

16:30

16:17

16:16

16:10

15:51

15:20

15:07

14:55

14:31

14:18

13:44

13:25

13:17

13:10