Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданындағы Момышұлы көшесін абаттандырып ж...

Алатау ауданындағы Момышұлы көшесін абаттандырып жатыр 

Әлеумет 25.06.2025, 17:00 732
Алатау ауданындағы Момышұлы көшесін абаттандырып жатыр 
Алматы қаласы әкімдігі

Алатау ауданындағы Момышұлы көшесінде 4 500 шаршы метр болатын жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы басталды. Жобаны аудан әкімдігі мен «DM-STROI» ЖШС мердігер ұйымы бірлесіп іске асыруға кірісті, деп хабарлайды  aqshamnews.kz
 
Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев баспасөз туры барысында бұл жобаның мақсаты – жайлы әрі заманға сай қалалық орта құру екенін айтты.

«Біз де Панфилов көшесі мен Тереңқұр сияқты жайлы орындар болғанын қалаймыз. Алатау – шеткі аудан емес, сондықтан мұндағы абаттандыру жұмысы да Әл-Фараби мен Достық көшесінен кем болмауы керек», - деді ол.

Жаңа жасыл аймақта жаяу жүргінші жолы, велосипед жолағы салынып, демалыс орындары, арт-нысандар ашылып, қоқыс жәшіктерін қойып, жарықтандырмақ. Жоба аясында 103 жарық бағаны орнатылады, 1 028 м² асфальт, 3 077 м² брусчатка және 226 м² тартан жабыны төселеді.

Биіктігі 26 метр болатын ту қойылатын жарық баған да қойылмақ. Тудың өлшемі – 4×2 метр. 

«Бұл имидждік орын болады. Ұшақпен қалаға жақындағанда «Алатау» деген белгі бірден көзге түседі», – деді аудан әкімі.

Талғат Малыбаевтың айтуынша, абаттандыру жұмыстары биыл аудан бойынша 2,5 млрд теңге бөлінген «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) жобасы аясында жүргізіліп жатыр.

«Бұл жобаларды тұрғындар өздері таңдап, дауыс береді, идея ұсынады. Жеңімпаз анықталғаннан кейін бірден іске кірісеміз. Қазір 500-ден астам өтініш келіп түсіп, 50 жоба іріктелді: оның 16 –сы балалар және спорт алаңын жөндеу, 31 – жаңа қоғамдық кеңістік, 3 –уі көшені жарықтандыруға қатысты жобалар», - деп атап өтті ол.

Алатау ауданы тағы бір жаңа бастаманы - балалар алаңына күннен қорғайтын қалқа орнатуды қолға алыпты. 

«Алаңның негізгі бөлігін маусым басталғанға дейін пайдалануға бердік. Қарасу ықшамауданында футбол алаңы мен көлді абаттандыруды қамтитын үлкен жобаны аяқтап жатырмыз. Мұның бәрі – өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға арналған жұмыстың бір бөлігі», – деді Талғат Малыбаев.

Жобаның басты мақсатының бірі – Момышұлы, Рысқұлов және Сайын көшесін жалғайтын жаяу жүргіншілер променадын құру.

«Біздің идея – аудан шекарасын түгел қамтитын “жасыл белдеуді” жарықтандырып, «Алатау» атауы бар жаңа белгі орнату. Қазір жұмыс жүріп жатыр, абаттандыру шілденің 10-на дейін аяқталады», – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі командасы нысандарды бұзбай, оларды барынша сақтауға тырысатынын айтты.

«Асфальт пен тас төсеніш жақсы күйде болса, оны бұзбаймыз. Мүмкіндігінше сақтап қаламыз. Тек күйі кеткендерін ғана ауыстырады. Бұл қала әкімінің тапсырмасы».

Сөз соңында әкім былай деп толықтырды: «Бұлар жай ғана жол емес – бұл бейнебақылаумен жабдықталған, жарықтандырылған, жасыл, қауіпсіз көше. Үй-ішіңмен демалсаң да болады!»

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика