Дархан Сатыбалды Almaty TV ұжымымен кездесті

  • 18:53, 25 маусым 2025
Дархан Сатыбалды Almaty TV ұжымымен кездесті Алматы әкімдігі

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында қала басшысы Дархан Сатыбалды журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, сондай-ақ Almaty TV телеарнасының қызметімен танысты.

Алматы әкіміне қолданыстағы және жаңа медиа жобалар ұсынылды, өндіріс процесі, сондай-ақ цифрлық платформаларды дамыту жоспары баяндалды. Заманауи хабар тарату форматтарын енгізуге және аудиторияны кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Дархан Сатыбалды тілшілермен, редакторлармен, операторлармен және техникалық мамандармен жылы шырайлы әңгімелесіп, бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының қала өміріндегі маңыздылығын атап өтті, қызметкерлерге мамандыққа адалдығы үшін алғыс айтты.

«Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында сіздермен жүздесіп, еңбектеріңіз үшін алғыс айтып, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтағым келді. «Almaty TV» тек Алматының емес, бүкіл республика көлеміндегі жетекші телерадиокомпанияға айналуы қажет. Бүгінгі кездесу түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісіп, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға таптырмас мүмкіндік», – деді Дархан Сатыбалды.

Ол Almaty TV Алматының ғана емес, республикалық деңгейдегі жетекші телерадиокомпания болуы тиіс екенін атады.

Оның айтуынша, қазіргі заманда БАҚ ашық әрі ақпараттық қоғам құруда шешуші рөл атқарып отыр.

«Сіздердің еңбектеріңіз мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Сіздерге шынайылық, шабыт және жаңа кәсіби белестерді бағындыруды тілеймін», – деді қала әкімі.

Айта кетейік, Almaty TV 1999 жылы құрылған және еліміздегі ең көне телеарналардың бірі. Соңғы 3 жылда Almaty TV республикалық мәртебеге ие болды, ребрендинг өткізді, бас студия павильонын жаңартты және хабар таратудың барлық тұжырымдамасын түбегейлі өзгертті. 

Соның нәтижесінде телеарна рейтингі 2 есе өсті, жаңартылған сайттың қаралымы 5 есеге артты. Медиаселлер желісі бойынша коммерциялық кіріс 3 есе ұлғайды. Телеарнаның мемлекеттік тілде шығарылған өз өндірісінің үлесі 88%-ға жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:53

18:39

17:50

17:36

17:32

17:22

17:14

17:07

17:02

17:00

16:55

16:30

16:17

16:16

16:10

15:51

15:20

15:07

14:55

14:31

14:18

13:44

13:25

13:17

13:10