"Әкім бе, блогер ме?" Әлеуметтік желідегі белсенді әкімдер кімдер?

  • 14:55, 25 маусым 2025
"Әкім бе, блогер ме?" Әлеуметтік желідегі белсенді әкімдер кімдер? Коллаж: aqshamnews.kz

Кейінгі жылдары өңір әкімдерінің әлеуметтік желідегі белсенділігі артып келеді. Бірі Instagram мен TikTok арқылы халықпен ашық диалог орнатып жатса, енді бірі ресми парақшалар арқылы атқарылған жұмыстарын көрсетіп жатыр. Алайда мұндай ашықтық жұрт көңілінен шығып та, сынға ұшырап та қалды. Aqshamnews.kz тілшісі әлеуметтік желіде көзге түсіп жүрген әкімдерді тізіп шықты.

Ғабит Сыздықбеков – ең көп оқырманы бар әкім

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтің Instagram парақшасында 100 мыңға жуық жазылушысы бар. Ол парақшасында қаладағы іс-шаралар, нысандардың ашылуы, шешілген мәселелер туралы видеоларды жиі жариялап отырады. Сондай-ақ, түрлі парақшада әкімнің қатысуымен түсірілген видеолар кең тарап жатады

Алайда бұл белсенділік жұрттың бәріне бірдей ұнай бермейді. Белгілі заңгер Айгүл Орынбек оны: "әкім емес, блогер болу керек еді" деп сынады. Оның пікірінше, әкімнің жұмысы шынайылықтан гөрі жасандылыққа жақынырақ көрінеді.

"Негізі Сыздықбековке ең мықты әкім емес, ең мықты  блогер деген атақ беру керек еді. Әлеуметтік желіге кіріп қалсам Шымкенттің әкімінен басқа әкім жұмыс істемей жатыр ма деп ойлап қалдым. Видео түсіріп жүргендер әкімдеріңе сәл рөлге кіруді де үйретсеңдерші, әйтпесе, видеоларың тым жасанды!", – деп жазды заңгер.

Айта кетейік, Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков 2023 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ресми түрде Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. 

TikTok-та трендтен түспейтін Талғар әкімі 

Талғар қаласының әкімі Арыстан Әбілхайырұлы – TikTok желісінің белсенді қолданушысы. Оның TikTok-та 68,6 мың, Instagram-да 5 мың жазылушысы бар. Ол желіде тұрғындар хаттарына өзі жауап беріп, шағымдарға қатысты шешім қабылдаған сәттерін жариялайды. Сонымен қатар трендтерден де қалыспай, қалжың аралас видеолар да түсіреді. 

Жергілікті әкімнің осылайша халықпен бейресми форматта байланыс орнатуы тұрғындар арасында сенім мен танымалдық қалыптастырып отыр. Олар әкімнің халық жазған хабарламаларға бірден жауап беріп, кездесіп, қаладағы мәселелерді назарға алып отырғанына пікірлер бөлімінде жиі алғысын жаудырып отырады.

Арыстанбек Әбілқайырұлы қала әкімі болып 2024 жылғы 15 желтоқсанда сайланған.

Жаңа әкімнің жаңа контенті

Жаңа лауазымға сайланған Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Instagram-да 60 мыңға жуық оқырман жинаған. Бұрын Түркістан облысының әкімі, ҚР СІМ жүйесінде және президент әкімшілігінде жұмыс істеген тәжірибелі мемлекеттік қызметкер, 24 мамырдан бастап Алматы қаласының игілігі үшін қызмет етіп жатыр. 

Әлеуметтік желідегі парақшасын көбіне ресми сипатта – жұмыс сапарлары, инфрақұрылым, тұрғындармен кездесулер туралы посттармен толықтырып отырады. 

Аудиториясы бар әкімдер 

Әкімдер арасында тұрақты аудиториясын жинап үлгергендері де бар. Мәселен, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың жазылушылар саны – 33,5 мың. Ол да Instagram арқылы өңірдегі жобалар мен кездесулерді тұрақты жариялап отырады. Ал Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшиннің парақшасында 22,8 мың жазылушысы бар. Ол аудандық деңгейдегі мәселелерге белсене араласып, тұрғындармен байланыс орнату үшін Instagram-ды белсенді пайдаланып жүр. 

Бұдан бөлек әкімдер арасында жеке парақшасын жүргізбесе де әлеуметтік желіде жиі төбе көрсететін әкімдер де бар. Мысалы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың жеке парақшасы жоқ. Дегенмен ол @mangystau_oblysynyn_akimdigi ресми парақшасы арқылы жиі көрініп тұрады. Бұл парақшада әкімнің сапарлары, өңірлік мәселелер мен шешімдер, мемлекеттік бағдарламалар туралы хабарлар жарияланады. Командалық жүргізілетін бұл аккаунт – ресми органның медиабейнесін қалыптастырып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:53

18:39

17:50

17:36

17:32

17:22

17:14

17:07

17:02

17:00

16:55

16:30

16:17

16:16

16:10

15:51

15:20

15:07

14:55

14:31

14:18

13:44

13:25

13:17

13:10