Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданында жаңа амбулатория салынып жатыр

Алатау ауданында жаңа амбулатория салынып жатыр

Әлеумет 25.06.2025, 16:55 1,008
Алатау ауданында жаңа амбулатория салынып жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Саялы ықшамауданында бой көтеріп жатқан жаңа медициналық мекеме емханаларға түсетін жүктемені азайтып, медициналық қызметті халық үшін қолжетімді етпек, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алатау ауданының Саялы ықшамауданында аудан әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры өтті. Іс-шараға қатысушылар 200 адамды қабылдай алатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының құрылысымен танысты. Жобаны 2025 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Саялы ықшамауданындағы ғимараттың жалпы аумағы – 3 482 шаршы метр. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр: қабырғалар қапталып, терезелері мен витраждары орнатылып, электр желілері тартылуда. Құрылыстың 95%-ы аяқталған.

Аудан әкімі Талғат Малыбаевтың айтуынша, нысан пайдалануға берілген соң, тұрғындарға дәрігерлік көмек қолжетімді болып, медициналық қызмет сапасы жақсарады.

«Саялы мен оған жақын маңдағы ықшамаудандарда 30 мыңнан астам адам тұрады. Соған қарамастан, бұл аумақта әлі күнге дейін мемлекеттік емхана болмаған. Жаңа амбулатория ашылғаннан кейін тұрғындар медициналық көмек алу үшін алысқа бармайды. Бұрын Саялы тұрғындары 2 шақырым жер жүретін болса, енді бұл нысан 500–800 метр жерде орналасады», – дейді Талғат Малыбаев.

Алатау ауданындағы медициналық ұйымдардың үйлестірушісі, №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Садықованың айтуынша, мемлекеттік норматив бойынша 10 мың адам тұратын елді мекенде емхана емес, амбулатория ашылуы керек.

«Қазір Саялы-1 мен Саялы-2 ықшамаудандарында 8 мыңнан астам адам тұрады. Олар №22 және №29 емханаларға тіркелген. Бұл емханалар 2,3–5,2 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан халықтың тығыздығын ескере отырып, осы жолы отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашу шешімі қабылданды», – деді Ақмира Садықова.

Жаңа медициналық мекеме №29 (Зерделі ықшамауданы) және №22 (Шаңырақ-2 ықшамауданы) емханаларының жүктемесін азайтуға көмектеспек. Бұл, әсіресе, көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын, жүріп-тұруы қиын адамдар үшін ыңғайлы болады.

Жаңа амбулаторияда жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатр, терапевт және өзге де мамандар қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, мұнда хирургия, физиотерапия, стоматология кабинеттері мен алдын алу қызметтері де ашылады.

Амбулатория аумағы абаттандырылып, тұрғындарға арналған аллея да салынады. Бұл жұмыстарды Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Отау-Құрмет» ЖШС атқаруда. Жобаның жалпы құны – 681 миллион теңге.

Нысан пайдалануға берілген соң, жаңа орталық тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, медициналық қызмет алуды едәуір жеңілдетпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #амбулатория
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика