Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алаяқтарға алданбаңыз!

Алаяқтарға алданбаңыз!

Әлеумет 25.06.2025, 15:07 724
Алаяқтарға алданбаңыз!
Сурет: Polisia.kz

Полиция алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдарын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алаяқтықтың түрлері мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанына қарамастан, жыл басынан бері өңірде 1158 алаяқтық фактісі тіркелді.

Оның ішінде 996 интернет арқылы жасалған қылмыстар қатарын толықтырды. Алаяқтардың басты мақсаты – айла-амал арқылы азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемдену.

Осындай жағымсыз жағдайларға тап болмас үшін полиция қызметкерлерінің мына кеңестерін ұстаныңыз:

банк пен ұялы байланыс операторларынан келген SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз;
жеке деректеріңізді, банк карталарыңыз бен шоттарыңыз туралы ақпаратты бөгде адамдарға жібермеңіз және жария етпеңіз;
банктік картаңызды ешкімге бермеңіз және бейтаныс адамдардан атыңызға ақша аударымдарын қабылдамаңыз;
интернет-дүкендерден тауар не қызмет аларда сол дүкеннің беделі мен пікірлерін тексеріңіз;

есіңізде болсын:

құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ешқашан сізден транзакция жасауды немесе телефон арқылы жеке мәліметтерді сұрамайды;
қаржы операцияларын жасамас бұрын, ақпараттың дұрыстығын міндетті түрде тексеріңіз;
үйге өзіңіз шақырмаған бейтаныс адамдар келген жағдайда есік ашпаңыз. Олар кім болып таныстырса да, абай болыңыз;
бейтаныс адамдарға ақша бермеңіз және ақшаны ұсақтап беріп не айырбастап беруге келіспеңіз;
өзін сауда фирмаларының өкілімін деп таныстырған адамдардан азық-түлік, тұрмыстық техника немесе дәрі-дәрмек сатып алмаңыз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз алаяқтардың құрбаны болу қауіпін едәуір азайта аласыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #полиция #құрбан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика