AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Таяу Шығыстағы қазақстандықтарды елге қайтару баст...

Таяу Шығыстағы қазақстандықтарды елге қайтару басталды

Саясат 25.06.2025, 14:18 1,086 yakiya
Таяу Шығыстағы қазақстандықтарды елге қайтару басталды
сурет: Reuters

Отандық SCAT және Air Astana әуе компаниялары адамдарды эвакуациялау үшін Дубай мен Дохадан Алматы мен Астанаға алты рейс жасайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көлік министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығысқа рейстер алты елді (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.

"Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады.", делінген Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің хабарламасында.

"SCAT" әуе компаниясы азаматтарды Катар елінен Қазақстанға шығара бастады. "Доха-Алматы" рейсі бүгін Катар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды.

Сондай-ақ, бүгін "Доха-Астана" рейсі орындалады. Борт Дохадан Катардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны — 290 адам.

Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:

27.06.25 Доха-Астана
29.06.25 Доха-Алматы

24 маусымда Израиль мен Иранның атысты тоқтату туралы келісімге келгені белгілі болды. Кейін Израиль армиясының Бас штабының басшысы Эйял Замир Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы жалғасып, жаңа кезеңге өтіп жатқанын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рейс #Иран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);