Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / 39 отырыс, 249 мәселе, 90 заң: Ерлан Қошанов Мәжіл...

39 отырыс, 249 мәселе, 90 заң: Ерлан Қошанов Мәжіліс сессиясын қорытындылады

Билік 25.06.2025, 13:10 1,071
39 отырыс, 249 мәселе, 90 заң: Ерлан Қошанов Мәжіліс сессиясын қорытындылады
ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілістің VIII шақырылымы үшінші сессиясының қорытынды отырысы өтті. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстардың нәтижесін бөлісті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

"Осы сессияда біз 39 жалпы отырыс өткіздік, 249 мәселе қарап, 90 заң қабылдадық. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі дәстүрлі түрде депутаттардың жұмысына серпін берген болатын. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында, Сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырыстарында айтылған бастамаларын іске асыру жалғасын тапты.  Депутаттар ең әуелі азаматтардың әлеуметтік жағдайына ерекше мән береді.

Біріншіден, біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тәсілдерді қайта қарадық. Барлық азамат үшін, тіпті сақтандырылмаған болса да, алғаш жүгінген кезде тегін базалық медициналық көмектің сақталуы үлкен жетістік болды. Біздің ұсынысымыз бойынша Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне онкологиялық скринингтер енгізілді. 

Сондай-ақ, құлағы нашар еститін жандарды, әсіресе балаларды жергілікті бюджет қаржысы есебінен есту аппаратымен қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылды", - деді Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс төрағасы Балалардың құқықтарын қорғауға қатысты атқарылған істерге тоқталды. 

"Атап айтқанда, кәсіби отбасы институты енгізілді. Енді кәсіби отбасы қиын жағдайға тап болған баланы қамқорлыққа алады, оны балалар үйіне тапсыруға жол бермейді.

Сонымен қатар, депутаттар жекеменшік оқу орындарында оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жөніндегі проблеманы шешті. Бұл көп жылдан бері шешімін күтіп отырған мәселе еді.  Мемлекет басшысының бастамасымен біз "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің заңнамалық негізін қаладық.

Жаңа жинақтау жүйесінің арқасында балалардың сапалы білім алуына қосымша мүмкіндіктер беріледі.  Сонымен бірге, халықаралық ғылыми жарыстарға  қатысушылардың үздіктері конкурссыз, соның ішінде "Болашақ" бағдарламасы аясында білім гранттарын алатын норма енгізілді", - деді ол. 

Сондай-ақ, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған, яғни  асыраушысынан айырылған 530 полиция қызметкерінің отбасына ай сайынғы жәрдемақы төлеу мәселесі шешілді.

"Екіншіден, депутаттардың қызметіндегі басты бағыт "Заң мен тәртіп" қағидатын заңнамалық тұрғыдан одан әрі іске асыру болды. Депутаттар еліміздің қылмыс жазасы кодекстерін оңтайландыру  бойынша үлкен жұмыс атқарды. Азаматтарды қылмыстық қастандықтан қорғауға бағытталған заңдар қабылданды. Жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға жауап ретінде интернет-алаяқтық жасағаны үшін "дропперлерге" қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді", - деді ол. 

Депутаттар некеге тұруға мәжбүрлеу ісі үшін де жаза енгізді.

Адамның бет-әлпетін танып-білуге кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынды.

Бұған қоса, Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында депутаттар тарапынан Рақымшылық жасау туралы заң әзірленіп, қабылданды.

Рақымшылық жасау арқылы 15 мың азаматтың жаза мерзімі қысқартылады. 

"Үшіншіден, заң шығарушылардың басты
міндеті – жаңа экономикалық саясат үшін берік негіз қалыптастыру. Осы сессияда депутаттар бюджеттік-фискалдық рәсімдер тәсілдерін толығымен қайта қарады. Біз қабылдаған жаңа Бюджет кодексі арқылы бюджет процесі едәуір жеңілдетіліп, екі есеге дейін қысқартылды", - деді Ерлан Қошанов. 

Осы сессияда ең қызу талқыланған құжаттың бірі – Салық кодексі.

Депутаттық корпус алдында тұрған стратегиялық міндет – мемлекеттің, азаматтар мен кәсіпкерлердің мүдделері арасында ортақ мәміле табу болды.

"Төртіншіден, Прогрессивті су саясатын қалыптастыру бағытындағы жұмыс та белсенді жалғасты. Қабылданған Су кодексі қазақстандықтар арасында
суға, яғни тіршілік көзіне ұқыптылықпен қарауға, үнемдеу мәдениетінің қалыптасуына бастау болары анық"

Мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері атына 461 депутаттық сауал жолданып, азаматтарды толғандырып жүрген ең өзекті мәселелер көтерілді.

Биыл Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына төрағалық ету кезегі Қазақстанға өтті.

Бұл – еліміздің түркі интеграциясы мәселелеріндегі жетекші рөлінің және осы процесте парламенттік дипломатияның маңыздылығының тағы бір дәлелі.

Ерлан Қошанов келесі сессияда да қабылдануы керек бірқатар маңызды заңға тоқталды.

"Атап айтқанда, Құрылыс кодексі, сондай-ақ құқық бұзудың алдын алу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, банктер және банк қызметі туралы, басқа да көптеген маңызды заңдар бар", - деді ол. 

Сөз аяғында Мәжіліс төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарына алғыс айтты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #отырыс #Ерлан Қошанов #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика