AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 43 жастағы ер адамға жүрек трансплантация...

Алматыда 43 жастағы ер адамға жүрек трансплантациясы жасалды

Медицина 25.06.2025, 17:50 1,005
Алматыда 43 жастағы ер адамға жүрек трансплантациясы жасалды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

5 сағатқа созылған күрделі отаны кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев UMC "Жүрек орталығы" №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Светлана Новиковамен, сондай-ақ институттың анестезиологтары мен кардиохирургтары бірлесіп жасаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жүрек Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны 43 жастағы ер адамға трансплантацияланған. Оған Алматы қаласының Орталық қалалық ауруханасына түскен 40 жастағы ер адам донор болған, дәрігерлер пациенттің ми өлімін растаған.

Жүрек трансплантациясы жасалаған ер адам ишемиялық кардиомиопатияға, жүре пайда болған жүрек ақауына, митральды қақпақша қызметінің жеткіліксіздігіне, 26 пайыз шығарылу фракциясы төмендеген созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, 2022 жылы инфарктқа шалдыққан.

Науқаста аздаған дене қимылы кезінде ентігу, жүректің дұрыс жұмыс істемеуі, жалпы әлсіздік, бас айналу шағымдары болған.

Трансплантациядан бұрын оған бірнеше рет стент қойылған, кардиовертер-дефибриллятор имплантацияланған. Биыл қаңтарда UMC мамандары LVAD имплантациялауды ұсынған, бірақ науқас бас тартқан.

Осы жылдың басында ер адам Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында емделген кезде клиника мамандары жүрек трансплантациясын күту тізіміне енгізу қажеттілігін түсіндіріп, пациент күту кезегіне тұрған.

Ота сәтті өтіп, пациент реанимациядан бөлімшеге ауыстырылған. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, оң динамика бар дейді дәрігерлер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);