«Рахат-Мәдениет» ықшамауданында 132 шақырым желі салынады

«Рахат-Мәдениет» ықшамауданында 132 шақырым желі салынады Алматы қаласы әкімдігі

Алатау ауданының «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында барлық үйлер орталық су құбыры мен кәріз жүйесіне қосылады. Қазір инженерлік желілердің едәуір бөлігін тартып қойған. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер осы жоба бойынша қолға алып жатқан жұмыспен танысып шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аудан әкімдігі іске асырып жатқан жоба ықшамауданды  орталықтандырылған су құбыры мен кәріз жүйесіне толық қоспақ.  

Жалпы құны 10,4 миллиард теңгені құрайтын жобада 131,72 шақырым инженерлік желілер салынады. Олар 69,9 шақырым су құбыры мен 61,8 шақырым кәріз жүйесі. Жұмысты атқарушы жалпы мердігер — «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС. Жобаның авторлық қадағалауын «Қазақ суканалпроект» ЖШС жүргізсе, техникалық бақылауды «AMANAT эксперт» ЖШС жүзеге асырып жатыр.

Баспасөз туры барысында хабарланғандай, дайындық жұмысы 2023 жылдың қазан-қараша айларында басталған. Қазір 49,8 шақырым инженерлік желі тартылыпты, оның 30,3 шақырымы су құбыры мен 19,5 шақырымы кәріз желісі. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес, жоба 2023 жылдың соңына дейін аяқталмақ.

«Боралдай мен Рахат-Мәдениет ықшамауданында құрылыс-монтаж жұмыстары, қалалық су және кәріз желілеріне қосу мен жолды асфальттау жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі орташа емес, жаңа құрылыс.  Айгерім 1-2 және Теректі ықшамаудандары сияқты мәселесі шешілмеген аудандар да бар. Теректіге байланысты біз осы аптада сот шешімін күтіп отырмыз. Егер оң шешім шықса, шілде айының басында құрылыс-монтаж жұмысы басталады. Бұл жақтағы шаруаның көлемі Рахат-Мәдениеттегімен бірдей. Айгерім микрорайоны бойынша «Алматы Су» компаниясы мен Энергетика басқармасының шешімін күтіп отырмыз. Алайда, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен биыл барлық ықшамауданда жұмыс басталып, келесі жылы аяқталуы тиіс ол. Бәріне қаржы бөлінген, ендігі міндет — мердігерлерді бақылап, күн райын, уақытты ескеріп отыру», - деді Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев.

Жобаның нәтижесінде 2 882 абонент — бұл шамамен 14 000 тұрғын — алғаш рет сапалы орталықтандырылған су мен кәріз қызметіне қол жеткізеді. Осы абоненттердің ішінде 350-ден астамына орталық су құбыры қосылды. Бұл шешім қазіргі тұрмыстық қиындықтарды жоюға ғана емес, сонымен қатар осы аумақтағы өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруға ықпал етпек.

Жоба көп жылдар бойы негізгі коммуналдық қызметтен шеттетіліп қалған  тұрғындардың өтінішіне жауап ретінде қолға алынып отыр. «Рахат-Мәдениет» ықшамауданы қала орталығында орналасса да, көп көшесі әлі күнге дейін орталықтандырылған инженерлік желілерге қосылмаған.

Баспасөз туры барысында Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев «Рахат-Мәдениет» ықшамауданының қай көшесі су мен кәріз жүйесіне қосылғанын, қай көшені инженерлік желіге қосу жұмысы аяқталып қалғанын айтты. 

«Кранды ашып, су бар екенін көрсете аламыз. Міне, осы аудандағы жұмыс қазір 100% бітті. Бұл көшелерді біз маусым айының соңына дейін тамамдауды ойластырып отырмыз. Қалғанына бір апта қалды. Келесі аудандағысын шілде айының соңына дейін бітірмекпіз. Тайсауырын, Алтынқорған, Айпара көшелері өте тар. Экскаватор әрең кіріп, айналып шыға алмайды. Бұл жұмысқа кедергі келтіріп отыр. Ең қиын учаскеміз де осы жер. Жалпы алғанда, жұмыстың қарқыны жақсы. Сондықтан бұл жоба келер жылға дейін толық бітеріне сенімдіміз», — деді Талғат Малыбаев.

«Рахат-Мәдениеттегі» жоба Алатау ауданындағы инфрақұрылымды модернизациялау бойынша кең ауқымды стратегияның бір бөлігіне айналды. Қазіргі таңда Алатау ауданы Алматы бойынша даму қарқыны жоғары ауданның бірі болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:53

18:39

17:50

17:36

17:32

17:22

17:14

17:07

17:02

17:00

16:55

16:30

16:17

16:16

16:10

15:51

15:20

15:07

14:55

14:31

14:18

13:44

13:25

13:17

13:10