Алматыда Конституциясының 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

  • 17:20, 29 шілде 2025
Алматыда Конституциясының 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті Аqshamnews.kz

Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Тиімді Парламент: азаматтардың конституциялық құқықтары»  атты «дөңгелек үстел» өтті. 

Іс-шараны Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды.  Талқылауға қалалық мәслихат депутаттары, заңгерлер, тарихшылар, оқытушылар, сарапшылар және қаланың  белсенді жастары қатысты.

Аталмыш жиынды  Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков ашып, жүргізіп отырды.  Алдымен алқалы жиынға қатысушыларды   Ата Заңның мерейлі белесімен құттықтаған спикер күшті және әділ мемлекет құрудағы Конституцияның маңыздылығын атап өтті.

"Конституция – біздің тәуелсіздігіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қайнар көзі. Осыдан дәл  30  жыл бұрын біз демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекеттің пайдасына таңдау жасадық.  Бүгінгі таңда осы жолды жалғастыра отырып, конституциялық нормаларға құрметпен қарау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жауапты ұрпақты тәрбиелеу маңызды", – деп атап өтті ол.

"Конституция тек  құқықтық жүйені ғана емес, халықтың тарихи жолын да көрсетеді.  Біз Қазақстанның бейбітшілік, әділдік және бірлік құндылықтарына сүйене отырып, өзінің мемлекеттілігін қалай құрайтынын көреміз. Бұл процесте Парламент ағартушылық және біріктіруші рөл атқарады, әсіресе жастардың бұл байланысты білуі өте маңызды", – деп атап өтті  Тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі Ақсұңқар Абдулина.

Этносаралық келісімнің құндылығына профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Жобаларды басқару институтының (Project Management Institute) мүшесі Алексей Цехов  ерекше назар аударды.  Ол өз сөзінде Конституция көпұлтты қоғамдағы бірліктің басты құралы екенін атап өтті. 

"Қазақстанда 130-дан астам этнос тұрады және олардың бейбіт қатар өмір сүруіне Конституция құқықтық негіз болып табылады. Біз тіліміз, мәдениетіміз, дәстүрлеріміз бойынша ерекшеленеміз, бірақ ортақ тарих пен болашақпен байланысты халық ретінде біргеміз. Парламент  бұл тепе-теңдікті сақтауда, барлығының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады", - деді ол

 "Дөңгелек үстел" қорытындысы бойынша құқықтық ағартуға, билік органдары мен халық арасындағы диалогқа, сондай-ақ жастарды заңнамалық және қоғамдық бастамаларға тартуға қатысты ұсыныстар әзірленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:10

17:37

17:20

17:12

16:32

15:17

15:14

14:31

14:20

13:16

13:03

12:28

12:26

12:24

12:22

12:21

12:02

11:32

11:16

10:54

10:51

10:33

09:37

09:05

20:59