AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы театрлары әлемнің ең ірі Avignon OFF 2025 т...

Алматы театрлары әлемнің ең ірі Avignon OFF 2025 театр фестивалінде сәтті өнер көрсетті

Барлығы 29.07.2025, 15:14 729 Сұлу
Алматы театрлары әлемнің ең ірі Avignon OFF 2025 театр фестивалінде сәтті өнер көрсетті
Алматы әкімдігі

Алматы театрлары әлемнің ең ірі Avignon OFF 2025 театр фестивалінде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 
 
Avignon OFF 2025 атты айтулы халықаралық фестивальде Алматы театрларының қойылымдары аншлагпен өтті. Journées de l’Asie centrale бағдарламасы аясында Қазақстан қонақ ел ретінде қатысып, Алматы басты мәдени орталыққа айналды. Қала театр өнерінің ең озық туындыларын паш етті.
 
Фестивальдің ресми афишасына Алматыдан төрт театр кіріп, көрерменнің, халықаралық тәлімгерлер мен театр сыншыларының үлкен қызығушылығын тудырды. ARTiShok театры Atypik Théâtre сахнасында «Маяковский» перформансын қойса, Jolda Dance Theatre «Тамыр» қойылымын La Scierie сахнасында көрсетті. Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры атақты «Ромео мен Джульетта» махаббат одасын La Scierie сахнасында сахналады. Ал «Алатау» театры Rouge Gorge сахнасында «Дала рапсодиясы» қойылымымен алматылық театрлардың өнерін түйіндеді.
 
Алматының бұл фестивальге қатысуы жай ғана жеңіс емес, Қазақстандағы тәуелсіз театр өнерінің дамуына жол ашқан тарихи оқиғаға айналды.

Алғаш рет қазақстандық театрларға Еуропаның ең ірі фестивалінің сахнасында осындай кең мүмкіндік беріліп, жаңа халықаралық әріптестікке және отандық театрды танытуға жол ашылды. 

Алматы театрларының Франция жеріндегі өнерін Almaty Creative шығармашылық индустрияларды дамыту орталығы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. 

Орталықтың жүйелі жұмысының арқасында алғаш рет бірыңғай кураторлық іріктеу жүргізіліп, фестиваль ұйымдастырушыларымен, халықаралық институттармен және БАҚ-пен өзара байланыс жолға қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #театр #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде некелесу саны азайған

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Бүгін 14:30

Алматыда көлік жуатын орындарды бақылауға алып жатыр

Бүгін 14:14

Air Astana-ға 24 жыл!

Бүгін 14:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

Бүгін 12:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);