AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Баум тоғайын абаттандыру жобасы басталды

Алматыда Баум тоғайын абаттандыру жобасы басталды

Барлығы 29.07.2025, 09:05 803 Сұлу
Алматыда Баум тоғайын абаттандыру жобасы басталды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі қаланың жасыл желек қорын сақтау мен дамытуға әлеуметтік жауапты бизнесті тарту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Осы жолы мегаполисте ең маңызды табиғи нысандардың бірі Баум атындағы тоғайды абаттандыру жобасы қолға алынды. Игі бастама құрылыс саласында танымал BAZIS-A компаниясының қолдауымен жүзеге асады. Компания бұл мақсатқа 4,7 млрд теңге бөліп отыр.

Баум тоғайы — Алматының «өкпесі» атанған, аумағы 137,7 гектар болатын бірегей орман алқабы. Бұл жер қаладағы сирек сақталған табиғи ландшафт пен алуан түрлі ағаш түрлерін бойына сыйдырған құнды жасыл аймақ саналады. Тоғай Алматының биоалуандығын сақтап, қолайлы микроклимат қалыптастыруда орасан рөл атқарады.

Абаттандыру жобасының мақсаты экожүйеге зиян келтірмей, демалыс пен серуенге арналған инфрақұрылымды ұқыпты енгізу. Жұмыстар табиғи ортаға араласуды барынша азайтумен, жер бедері мен ағаштардың тамыр жүйесін және жасыл желектің табиғи қалпын сақтай отырып жүргізіледі. Жоба аясында шағын сәулеттік пішіндер орнатылады, тыныштық пен табиғи үндестікті сақтайтын серуен жолдары мен демалыс аймақтары жасалады.

Тоғай аумағын табиғи ерекшеліктеріне қарай дұрыс аймақтарға бөлуге ерекше көңіл бөлінбек: бір бөлігі тыныш демалысқа арналса, екінші бөлігі экологиялық аймақ ретінде инфрақұрылымы шектеулі күйде қалып, табиғатты қорғау мен экологиялық ағартуға бағытталады. Мұндай тәсіл қала тұрғындарына алып шаһардың ішінде табиғатпен үйлесімді әрі ұқыпты қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Баум тоғайын абаттандыру қала орманын қорғау мен орнықты қала ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ. Алматы әкімдігі алдағы уақытта да әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнесті қала аумағын көгалдандыруға, табиғи аймақтарды қорғауға және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған бастамаларға тарту жұмысын жалғастыра береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #баум #тоғай #абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);