AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен...

Наурызбай ауданында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту күшейді

Әлеумет 29.07.2025, 12:28 565
Наурызбай ауданында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту күшейді
Сурет: Astanatv.kz

Наурызбай ауданы тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін тынбай жұмыс істеп жатыр. Еңбекпен қамту, мекенжай бойынша көмек көрсету, барлық жасқа арналған тегін үйірмелер мен курстар ұйымдастырудан бастап, әлеуметтік қолдау жағы да қолға алынған. Өңірлік Коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз конференциясында аудан әкімі осыған жан-жақты тоқталды.  

Наурызбай ауданы әлеуметтік қолдау мен халықты жұмыспен қамту жағын мықтап қолға алды. Қазір 583 отбасыға жалпы сомасы 140,1 миллион теңге көлемінде мекенжайлық әлеуметтік көмек беріліп жатыр. 12 өтініш берушіге 584 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында аудан бойынша 2 713 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 684 адам тұрақты жұмыс, 1 714 адам қоғамдық жұмыстар аясында уақытша жұмысқа тұрды. Сонымен қатар, 107 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 64 адам қоғамдық жұмыс орындарына жіберіліп, 48 жас маман практикадан өтіпті.

Аудан аумағында «Бақытты отбасы» мен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік орталықтары жақсы жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетеді. Мұнда әйелдер тегін тігін ісін, косметология негіздерін, компьютерлік сауаттылық пен басқа да сұранысқа ие кәсіпті үйрене алады. Балаларға өнер мен шет тілдері бойынша сабақтар ұйымдастырылады.

Аудандағы қарт тұрғындарға ерекше көңіл бөлінген. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» олар спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналысып, би сыныптарына қатысып, денсаулық сақтауға байланысты қызмет көрсетеді оларға. Мүгедектігі бар адамдар «TenQogam мүгедектерге әлеуметтік қолдау орталығында» базалық компьютерлік дағдыларды үйреніп, ағылшын тілін оқып, кәсіпкерлік тренингтерге қатыса алады.

Балалар мен жастардың шығармашылық және спортқа қабілетін дамытуға бағытталған «DamuBala» бағдарламасы үлкен сұранысқа ие. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінді. Бағдарламаның арқасында 4 мыңнан астам бала тегін үйірме мен спорт секциясына қатысады. Сонымен қатар, аудан әкімдігі үнемі осы бастаманың сапасын бақылап, есеп беру концерттерін ұйымдастырады.

«Наурызбай ауданының әлеуметтік саясаты әр адамның дамуы мен қолдауына нақты жағдай жасауға бағытталған» - дейді Назира Тоғызбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #әлеуметтік қолдау #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика