AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мәдени астана мәртебесін растады: Hassak то...

Алматы мәдени астана мәртебесін растады: Hassak тобы III Халықаралық цирк фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды

Барлығы 28.07.2025, 20:59 682 Сұлу
Алматы мәдени астана мәртебесін растады: Hassak тобы III Халықаралық цирк фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды
Тимур Эпов

2025 жылы 23-27 шілде аралығында Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен III Халықаралық цирк өнері фестивалі — ALMATY CIRCUS FESTIVAL өтті. Фестивальге әлемнің 15 елінен келген артистер қатысып, үздік цирк қойылымдарын ұсынды.

Фестиваль шымылдығы қала әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау сөзімен ашылды. Қала басшысы цирк мерекесіне жиналғандарды құттықтап, Алматының өнер мен мәдениет үшін ашық алаң екенін және халықаралық мәдени байланыстың маңызын атап өтті. Бұл құттықтау ауқымды фестивальдің ресми бастауын білдірді.

Фестиваль аясындағы ең жарқын сәттердің бірі Қазақ мемлекеттік циркінің «Hassak» тобының өнері болды. Артистер әлемде бұрын-соңды қайталанбаған ерекше трюкті орындады: топ мүшелері маңдаймен бір мезгілде үш адамды көтеріп, өткел баспалдағымен жүріп өтті. Жалпы салмағы шамамен 180 келі болатын бұл рекордтық нөмір халықаралық қазылар тарапынан жоғары бағаланып, Hassak ұжымы фестивальдің Бас жүлдесін иеленді. 

Өнерпаздар жеңісін Қазақ мемлекеттік циркінің 55 жылдығына және отандық цирк өнерінің негізін саңлақтарға арнады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш жыл ішінде ALMATY CIRCUS FESTIVAL Алматының ғана емес, бүкіл аймақтың маңызды мәдени оқиғасына айналды. Фестиваль әлемдегі ең ірі он цирк форумының қатарына кіріп үлгерді. Биыл Ресей, Қытай, Украина, Вьетнам, Израиль, Якутия және т.б. елдерден барлығы 20 мемлекеттен 180-нен астам өтінім келіп түсті.

Байқау бағдарламасында әуе гимнастары, эквилибристтер, акробаттар мен ерекше жанр артистері өнерін паш етті. Көптеген қойылым алғаш рет көрермен көрсетіліп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Фестивальдің ерекше қонағы әлемдегі ең танымал сайқымазақтардың бірі болды. Оның әсерлі қойылымы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бағдарламаның ең есте қаларлық сәттердің біріне айналды.

Айта кетейік, биыл фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен 2-24 тамыз аралығында Алматыда гала-концерттер өтеді. Лауреаттардың толық тізімі Қазақ мемлекеттік циркінің ресми парақшасында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Цирк #цирк өнері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);