AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Тамызда қандай мерекелер бар?

Тамызда қандай мерекелер бар?

Мәдениет 29.07.2025, 11:32 2,384 Сұлу
Тамызда қандай мерекелер бар?
depositphotos.com

Тамызда Қазақстан тұрғындары Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. Бұдан басқа жаздың соңғы айында қандай мерекелер бар? Толығырақ aqshamnews.kz материалында. 

Конституция күні – Қазақстандағы маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күні ел 1995 жылы қабылданған, мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін айқындайтын басты заңның қабылдануын атап өтеді. Конституция күні жыл сайын 30 тамызда тойланады.

2025 жылы Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер Конституция күні қосымша бір күн демалады. 2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр, сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні 1 қыркүйек дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге тамызда 10 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің кестесі мынадай:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

Алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамызда қосымша демалады. Демалыс кестесі:

  • 30 және 31 тамыз – демалыс,

  • 1 қыркүйек – жұмыс күні.

Алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер тамызда 6 күн демалады.

Конституция күнін қалай атап өтеді?

Бұл күні елімізде түрлі салтанатты шаралар, концерттер мен көрмелер өтеді. Қазақстан тарихы мен мәдениетіне арналған іс-шараларға халық белсенді қатысады. Сонымен қатар флешмобтар мен акциялар ұйымдастырылады. Тамыздағы қосымша демалыс күндері – отбасымен уақыт өткізуге, мәдени іс-шараларға қатысуға және мерекенің атмосферасын сезінуге тамаша мүмкіндік.

Тамыз айындағы басқа да маңызды күндер:

  • 3 тамыз (тамыздың алғашқы жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні

  • 10 тамыз – Абай күні

  • 10 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні

  • 18 тамыз – Шекара қызметкерлері күні

  • 18 тамыз – Спорт күні

  • 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні

  • 31 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Кеншілер күні

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тамыз #демалыс #мереке #күнтізбе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);